|
|
Аспирантура

|
|
Ғылым жолындағы азаматтардың ең алғашы ресми статусы - ол ғылым кандидаты ғылыми дәрежесі. Одан кейінгі дәреже (жоғарғы) - ғылым докторы. Бұл дәрежелер нақты техникалық, физика-математикалық, философиялық, педагогикалық және т.с.с. нақты регламентті ғылым саласында беріледі. Сондықтан ғылыми атақ иегерлері техника ғылымдарының кандидаты, физика-математика ғылымдарының кандидаты т.с.с ғылыми дәреже алады.
Ғылым кандидаты атағын алу үшін жоғары білімі болу керек, сонымен қатар үш кандидаттық емтихандар тапсыру керек, диссертация қорғап, қорғау нәтижесі Ресей Федерациясының білім және ғылым министрлігіндегі Жоғарғы Аттестациялық Комиссияда бақыланып, бекітілуі қажет.
|
Кандидаттық емтихандарды ғылым тарихы және философиясы, шетел тілі және диссертацияға әсер ететін ғылыми мамандық бойынша пәндерден тапсырады.
Аспирант шетел тілі пәнінен жоғарғы оқу орындары немесе ғылыми орындарында анықталатын тіл бойынша тапсырады.
Ғылым кандидаты атағын алатын диссертация нақты білім саласындағы ғылыми жұмыс болуы қажет.
Диссертация ереже бойынша орыс тілінде жазылуы қажет.Басқа тілде жазылған диссертацияны Диссертациялық Кеңес Жоғарғы Аттестациялық Комитетке жібереді.
Диссертацияның негізгі алынған нәтижелері отандық және шетелдік баспаларда шығарылуы қажет. Жоғарғы Аттестациялық Комитет диссертациялардың негізгі ғылыми нәтижелерін шығаратын ғылыми журналдар тізімін анықтайды.
ТМД мемлекеттінің азаматтары диссертация қорғау үшін Ресей Федерациясының білім және ғылым министрлігін немес білім және ғылым саласындағы бақылау және қадағалау федеральды қызметі берген жоғарғы білімі туралы құжатының эквиваленттілігін растайтын куәлігін көрсету қажет. Қорғау диссертациялық кеңесте орыс тілінде жүргізіледі. Бірақ кейде шетел тілінде де жүргізілуі мүмкін.
Аспирантура жайлы нақты ақпараттарды мына сайттан алуға болады: http://vak.ed.gov.ru/.
т.ғ.д., профессор Домрачев В.Г., т.ғ.д., профессор Ретинская И.В.
|
|