|
|
Докторантура
Ғылым докторы атағы ғылым саласындағы ең жоғарғы саты болып табылады. Бұл дәрежелер нақты техникалық, физика-математикалық, философиялық, педагогикалық және т.с.с. нақты регламентті ғылым саласында беріледі. Сондықтан ғылыми атақ иегерлері техника ғылымдарының докторы, физика-математика ғылымдарының докторы т.с.с ғылыми дәреже алады.
Докторлық диссертация қорғау үшін қорғаушы ғылым кандидаты болуы қажет.
ТМД мемлекеттінің азаматтары диссертация қорғау үшін Ресей Федерациясының білім және ғылым министрлігін немес білім және ғылым саласындағы бақылау және қадағалау федеральды қызметі берген жоғарғы ғылым кандидаты туралы құжатының эквиваленттілігін растайтын куәлігін көрсету қажет.
Ғылым докторын алу үшін оның шығарылған монографиясы болуы қажет. Диссертация Ресей Федерациясының білім және ғылым министрлігімен бекітілген талаптарға сәйкес келуі қажет.
Диссертация ереже бойынша орыс тілінде жазылады. Басқа тілде жазылған диссертацияны Диссертациялық Кеңес Жоғарғы Аттестациялық Комитетке жібереді. Қорғау диссертациялық кеңесте орыс тілінде жүргізіледі. Бірақ кейде шетел тілінде де жүргізілуі мүмкін.
Монография кітап түрінде шығады, ол зерттеліп отырған тақырыпты жан-жақты мазмұнды және ғылыми атақ беру Ережелеріне сай болуы керек.
Диссертацияның негізгі алынған нәтижелері отандық және шетелдік баспаларда шығарылуы қажет. Жоғарғы Аттестациялық Комитет диссертациялардың негізгі ғылыми нәтижелерін шығаратын ғылыми журналдар тізімін анықтайды. Докторантура жайлы барлық ақпараттарды мына сайттан алуға болады.http://vak.ed.gov.ru/).
т.ғ.д., профессор Домрачев В.Г., т.ғ.д., профессор Ретинская И.В.
|
|