|
|
Жалпы мәлімет
Ресей Федерациясында 180000 білім ордаларының барлық түрлері бар. Жыл сайын еліміздің әртүрлі оқу орындарында шамамен 35млн. адам оқиды, яғни бұл тұрғындардың 23%-ын құрайды.
Ресейдің білім жүйесі 100 жылдық уақытта Христиан дінінің ықпалымен, ал XVII ғасырдың аяғында Ағарту дәуірінің ықпалымен құрылды. ХХ ғасырда жалпы және кәсіби білім әлеуметтік-экономиканың дамуы қозғаушы күші ретінде бірінші қарала бастады. Сауатсыздықты жою, тұрғындарды жоғарғы білімге мүмкіндігін кеңейту, ересек тұрғындардың білім жүйесі азаматтардың қажеттіліктерін толық деңгейде қанағаттандыра алмайтынын түсіне бастады. Ресейдегі әлеуметтік-саяси өзгерістер және жарық экономикасына көшу білім жүйесін реформалау қажеттілігіне әкеп соқтырады.
1993 жылы Ресей Федерациясының Конституциясы және 1992 жылы "Білім туралы" федеральдық Заңы 1996 жылы қайта өңдеумен азаматтардың құқығын бекітті, олардың академиялық еркіндігін және ұйымдасқан өз еркіндігін кеңейтті. Білімнің бұрынғы орталықтандырылған жүйеге оқушымен оқытушы қызығушылығын ескеретін, білім беру бірлестіктер және жұмыс берушілер жүйесі енді. Мемлекеттік емес білім бөлімдері тез қарқынмен дами бастады. Оның ішінде жеке адамдармен мемлекеттік емес ұйымдармен білім мекемелері құрылды. Білім жүйесін реформалауды қамтамасыз ету мақсатында білімді дамытудың федеральды бағдарламасын қабылдады. Ол бағдарлама барлық құрушыларға дамуға инновациялық қатынас бағытталған. Соңғы жылдары елде кешенді білім аймағында Ресей Федерациясында тыңғылықты өзгерістер болды.
Негізгі өзгерістер мыналарға бағытталған:
Білімнің диверсификациясы: білім мекемелерінің жаңа түрлері пайда болды, көп деңгейлі жоғары білімді ендіру (дипломмен қатар бакалавр және магистр деңгейін ендіру), оқу бағдарламаларда мазмұнында да тыңғылықты өзгерістер.
Білімнің демократизациясы: академиялық еркіндік және ұйымдасқан өзбеттіліктің кеңеюі, қоғамдық және делдал ұйымдық санының өсуі.
Білім сапасы: сапасын бақылау және бағаның механизмін бекіту.
Білім мазмұны: көптеген пәндердің, әсіресе қоғамтану, тарих экономика, құқықтану және басқа пәндердің берілуінің мазмұнын терең қарап шығу.
Ақпарат көзі: http://www.cepes.ro/hed/recogn/groups/guiderus.htm
|
|