gerb ministry
Russian
Русский
English
English
French
Français
Spanish
Español
German
Deutsch
Italian
Italiano
Portuguese
Português
український
Україн
Kazakh
Қазақша
Chinese
中文
Arabic
ﺔﻴﺑﺮﻌﻟا
Mongolian
Mонгол
Vietnamese
Tiếng Việt
Moldavian
Moldov
Romanian
Română
Türkçe
Türkçe
Home About Site map Useful links Log in




Portal - Asociación Latinoamericano Rusia - Oferta Universitaria de las Americas y el Mundo, Rusas, estudios en rusia, universidades rusas, idioma ruso
Ruski studenti SCG
Фонд Русский мир

Орыс тілінде сөйлей білу деңгейлері

Версия для печати

A1 / БАСТАУЫШ ДЕҢГЕЙ (Breakthrough Level)

Үміткер күнделікті өмірдің үйреншікті жағдайларындағы әлеуметтік байланыстарды орната және қолдана алады; тілдесу құралының минимумын иеленеді, оның сөздігі 900-1000 лексикалық бірлікке жетуі мүмкін, соның ішінде 240 интернационализмдер мен шамамен 30 бірлік әдепті сөздер болуы мүмкін (оқу курсы 60-80 аудиториялық сағаттан кем емес).

  1. танысу;
  2. өз мамандығы мен кәсібінің түрін атау;
  3. өзі мен үшінші тұлға туралы биографиялық мәліметтерді білу және хабарлау;
  4. әуесқойлықтар мен мүдделер туралы білу және хабарлау;
  5. мерекемен (мемлекеттік, ұлттық, жанұялық) құттықтау;
  6. алғыс білдіру, құттықтауларға жауап беру, тілек білдіру;
  7. сыйлық беру/қабылдау; мерекеге, қонаққа шақыру; шақыруды қабылдау / шақырудан бас тарту, бас тартудың себебін түсіндіру;
  8. кездесу орны, уақыт туралы келісу;
  9. мекен-жайды, телефонды білу, хабарлау;
  10. қай жерде орналасқанын, қалай жетуге болатынын; жақын немесе алыс орналасқанын; жүру құны қанша болатынын; жүру құнын қалай төлеу керектігін; көлік кестесін, көшелердегі, вокзалдардағы, әуежайдағы сілтеуіштерді қалай падалану керектігін білу/хабарлау;
  11. саяхаттың қалай өткендігін сипаттау, бағалау;
  12. мейрамханада, шатханада таңғы ас/түскі ас / кешкі ас ішуге ұсыныс жасау / ұсынысты қабылдау; ұсыныстан бас тарту, бас тартудың себебін түсіндіру; кездесу орны мен уақыты туралы келісу; мәзірді оқу; тағамдар мен сусындарға тапсырыс жасау; сүйікті тағамы туралы білу / айту; өз таңдауы туралы айту, түскі астың / кешкі астың ақысын төлеу.

A2 / ШЕКТІК АЛДЫНДАҒЫ (НЕГІЗГІ) ДЕҢГЕЙ (Waystage Level)

Сіздің осы деңгей бойынша сынақтан сәтті өтуіңіз сіздің коммуникативтік құзыретіңіз бастапқы деңгейде қалыптасқандығын білдіреді, бұл сіздің бастапқы негізгі коммуникативтік тұтыныстарыңызды тілдесудің әлеуметтік-тұрмыстық және әлеуметтік-мәдени салаларындағы жағдайлардың шектеулі түрде қанағаттандыруға мүмкіндік береді. Басқаша айтқанда, сіз дүкендерде өз бетіңізбен сауда жасай аласыз, жергілікті қоғамдық көлікті пайдалана аласыз, айналадағы адамдармен ауа-райыны талқылай аласыз, курстастарыңызға немесе оқытушыларыңызға бір-екі үйреншікті сөздерді айта аласыз.

Ресми талаптар: орыс тілінде шетел тіліндегідей (ШРО) сөйлей білу дағдылары мен машықтары:

  1. дереккөздерден алынған қысқаша қарапайым мәтіндерді (журналдар мен үнжариялардың атаулары, маңдайша жазулар, жазбалар, сілтегіштер, хабарландырулар және т.б.) оқу; елтану, ақпараттық-көсемсөздік және әлеуметтік-тұрмыстық сипаттағы негізгі және қосымша ақпараттық бейімделген мәтіндерді түсіну;
  2. қысқаша хат, жазбахат, құттықтау және т.б. жазу, сұрақтарға сүйене отырып, дереккөз мәтінінің негізгі мазмұнын баяндау;
  3. әлеуметтік-тұрмыстық және әлеуметтік-мәдени сипаттағы жекелеген диалогтар мен монологтарда келтірілген негізгі ақпаратты (тақырыпты, сілтеуіштерді, уақытты, себепті және т.б.) түсіну;
  4. стандартты типті қарапайым жағдайларда диалогтарды бастамалау; өзің, досың, жанұя, оқу, жұмыс, шетел тілін үйрену, жұмыс күні, бос уақыт, туған қала, денсаулық, ауа-райы туралы әңгімелерді жүргізу, сондай-ақ оқылған мәтіннің негізінде өз пікірін құрастыру;
  5. оқиғалардың шектеулі жиынтығында өз ниеті туралы пікірлерді рәсімдеуде грамматикалық және лексикалық машықтарды пайдалану.

Бұл арада логикалық минимумның көлемі 1300 бірлікке жету керек.

Алайда, ресейлік оқу орындарда оқу үшін орыс тілін негізгі деңгейде шетелдік тіл ретінде білу жеткіліксіз, шетелдік азаматтарға арналған дайындық факультеттері (бөлімшелері немесе курстары) ескерілмейді, онда болашақ студенттер бір жыл бойы арнайы тіл дайындығынан өтеді.

В1 / ШЕКТІК ДЕҢГЕЙ (Threshold Level)

Сіздің осы деңгей бойынша сынақтан табысты өтуіңіз сіздің коммуникативтік құзыретіңіз орташа деңгейде қалыптасқандығын білдіреді, бұл тілдесудің әлеуметтік-тұрмыстық, әлеуметтік-мәдени және оқу-кәсіби салаларындағы жағдайларда сіздің негізгі коммуникативтік тұтыныстарыңызды қанағаттандыруға мүмкіндік береді. Басқаша сөзбен айтқанда, сіз шетелдік ортада анағұрлым дербес боласыз және көптеген жағдайларда стандартты күнделікті жағдайларды тұспалдайсыз, сондай-ақ туындаған тұрмыстық мәселелерді және сіздің алдыңызда тұрған тапсырмалардың айтарлықтай бөлігін шешуге қабілетті боласыз. Бұл ШРО мемлекеттік стандартына сәйкес келеді.

Ресми талаптар: ШРО бірінші деңгейі:

  1. үнжариялардың, журналдардың, кітаптардың шағын мәтіндерін оқу; оқылған мәтіннің жалпы мазмұнын, жекелеген бөліктерін, қорытындыларын және автордың берген бағасын түсіну;
  2. ұсынылған тақырыптардың біріне 20 сөйлемнен тұратын мәтін жазу: өзің, өз жанұяң, үйренген шетел тілі, жұмыс күні, бос уақыт, туған қала, денсаулық, ауа-райы туралы; оқыған немесе тыңдалған мәтіннің негізгі мазмұнын ұсынылған тақырыпқа ауыстыра білу;
  3. қысқаша диалогтарды түсіну және нақтылы ақпаратты шығару (тақырып, уақыт, қарым-қатынастар, нысандардың сипаттамасы, мақсаттар, себептер); кеңейтілген диалогтарды түсіну және сөйлеушілердің пікірі мен әрекеттеріне қатысты өзінің қатынасын білдіру; айтылған хабарландыруларды, жаңалықтарды, әлеуметтік-мәдени сипаттағы ақпаратты түсіну;
  4. күнделікті тілдесу жағдайының айтарлықтай кең шеңберіндегі диалогтарға қатысу, диалогты бастау, жүргізу, аяқтау; әртүрлі тақырыптарға әңгімелесу (өзің, жұмыс, мамандық, қызығушылықтар, ел, қала, мәдениет мәселелері және т.б. туралы); оқып шыққан әлеуметтік-мәдени сипаттағы мәтіннің негізінде өзінің пікірлерін қалыптастыру;
  5. стандартты типті қарапайым жағдайларда туындайтын ниеттерге сәйкес пікірлерді рәсімдеудің грамматикалық және лексикалық машықтарын пайдалану.

Бұл арада лексикалық минимумның көлемі 2300 бірлікке жету керек.

Орыс тілінде шетел тіліндегідей бірінші деңгейде сөйлей білу ресейлік оқу орындарында оқу үшін, соның ішінде жоғары кәсіби білім алу үшін, соның ішінде университеттерде, институттарда және академияларда білім алу үшін жеткілікті. Бұл деңгейге әдетте бір жылдық арнайы тіл білімін алғаннан кейінгі шетелдік азаматтар үшін дайындық факультеттерін (бөлімдерін немесе курстарын) бітірген түлектер жетеді.

В2 / ШЕКТІКТЕН КЕЙІНГІ ДЕҢГЕЙ (Vantage Level)

Осы деңгей бойынша сынақтан сәтті өту сіздің коммуникативтік құзыретіңіз айтарлықтай жоғары деңгейде екендігін және сізге тілдесудің барлық салаларында коммуникативтік тұтыныстарды қанағаттандыруға, тиісті саланың маманы ретінде орыс тілінде кәсіби қызметті жүргізуге мүмкіндік беретінін білдіреді: гуманитарлық (филологиялық саладан басқа), инженерлік-техникалық, жаратылыстану және т.б. салалар.

Ресми талаптар: ШРО екінші деңгейі:

  1. пайымдау элементтері бар сипаттау және баяндау сипатындағы әртүрлі көсемсөздік және көркемдік мәтіндерді, сондай-ақ нақты айқын авторлық баға берілген күлкілі мәтіндерді оқу.
  2. тыңдалған және оқылған сәтіннің негізінде жоспарларды, тезистерді, конспектілерді жазу; жеке немесе ресми іскерлік хат түрінде ақпараттық сипаттағы, өзіндік жазбаша мәтіндерді, сондай-ақ іскерлік сипаттағы мәтіндерді (арыздар, сұратулар, түсініктеме хаттары және т.б.) жазу.
  3. сөйлеушілердің қатынастары айқын білінетін тұрмыстық тақырыптардағы диалогтарды; радиожаңалықтарды, жарнамалық сипаттағы хабарландыруларды; көркем фильмдер мен теледидарлық бағдарламалардағы тұлғааралық қатынастары айқын сипатталған диалогтарды түсіну;
  4. алдын-ала ұсынылған сөз қатынасының тәсілін жүзеге асыра отырып, диалогты жүргізу; сұрастыру диалотының бастамашысы болу; көрген жайт туралы айту, өз пікірін білдіру және көрген жайтты бағалау; еркін әңгімелесу жағдайында туындаған мәселені талдау;
  5. пікірлерді дұрыс лексикалық рәсімдеуді қамтамасыз ететін сөйлесудің лексикалық және грамматикалық құралдарын барабар түсіну және қолдану.

Орыс тілін шетелдік тіл ретінде екінші деңгейде білу бакалаврдың немесе магистрдың - ресейлік ЖОО-ң түлегінің дипломын алу үшін керек (филолог бакалавры немесе магистрынан басқа).

С1 / ҚҰЗЫРЕТТІ ИЕЛЕНУ ДЕҢГЕЙІ (Effective operational proficiency)

Осы деңгей бойынша сынақты сәтті тапсыру сізге тілдесудің барлық салаларындағы коммуникативтік тұтыныстарды қамтамасыз етуге, сондай-ақ филологиялық саладағы кәсіби қызметті орыс тілінде жүргізуге мүмкіндік беретін жоғары коммуникативтік құзыретіңізді білдіреді.

Ресми талаптар: ШРО үшінші деңгейі:

  1. тілдесудің әлеуметтік-мәдени және ресми-іскерлік салаларына қатысты мәтіндерді түсіну және барабар талдау, сондай-ақ орыс тіліндегі көркем әдебиетті оқу қабілеті. Сонымен қатар, әлеуметтік-мәдени мәтіндерде мәлім ақпараттың айтарлықтай жоғары деңгейі мазмұндалу керек. Ресми-іскерлік мәтіндер болып нормативтік-құқықтық актілер және ресми хабарламалар түсіндіріледі.
  2. ұсынылған ақпаратты талдау және бағалау қабілетін көрсете отырып, оқылған және тыңдалған мәтіннің негізінде хабарламаны, ресми/бейресми хатты, рефератты, мәселелі конспектіні жазу; мәселелі сипаттағы өзіндік мәтінді (мақаланы, эссе, хат) оқу.
  3. аудио-мәтінді бүтін мәтін ретінде түсіну, ұсақ-түйектерін түсіну, тыңдалған мәтінді (радио- және телебағдарламалар, кинофильмдерден үзінділер, көпшілік алдындағы сөз сөйлеулердің жазбалары және т.б.) және сөйлеушінің сөз мәніне қатысын бағалау қабілетін көрсету;
  4. тілдесудің әртүрлі мақсаттары мен тәсілдерін жүзеге асыруға арналған тіл құралдарын пайдалану; тілдесу барысында шиеленіскен жағдайды шешуді білдіретін диалогтың бастамасы болу; моральдық-этикалық тақырыптарға монолог-талқылауды құру; еркін сөйлесу жағдайында өзіндік пікірді қорғау және дәлелдеу;
  5. жекелеген пікірлерді, сондай-ақ түпнұсқалы мәтіндер мен олардың үзінділерінің бір бөлігі болып табылатын пікірлерді рәсімдеу және түсіну кезінде қажетті тіл бірліктері мен құрылымдық қатынастарды пайдаланудағы дағдыларда білінетін тіл жүйесінің білімін көрсету.

Логикалық минимумның көлемі 12 000 бірлік, соның ішінде сөздіктің белсенді бөлігі - 7 000 бірлік.

Осы Сертификаттың болуы бакалавр-филологтың - ресейлік ЖОО-ң түлегінің дипломын алу үшін қажет.

C2 / ТІЛ ИЕЛЕНУШІСІНІҢ ДЕҢГЕЙІ (Mastery Level)

Осы деңгей бойынша сынақтан сәтті өту орыс тілін тіл иеленушінің деңгейіне жақын деңгейде еркін білу туралы куәландырады.

Ресми талаптар: ШРО төртінші деңгейі:

  1. кез-келген тақырыптағы түпнұсқалы мәтіндерді түсіну және барабар талдау: мәнмәтіндік және тұжырымдамалық мағыналары бар абстрактты-философиялық, мәдени-бағдарлық, көркемсөздік және көркем мәтіндер;
  2. сөйлеу мәні туралы жеке көріністерді бейнелейтін өзіндік мәтіндерді және әсер ететін сипаттағы мәтіндерді жазу;
  3. әйгілі пікірлер мен жасырын мағыналарды түсіне отырып, сөйлеуші сөзінің әлеуметтік-мәдени және эмоциялық ерекшеліктерін барабар қабылдау арқылы радио- және телебағдарламалардың, кинофильмдердің, телеспектакльдердің, радиопьесалардың, көпшілік алдында сөз сөйлеулердің жазбаларының мазмұнын барынша толық түсіну.
  4. тыңдаушыға әсер етуге талпынатын коммуникация ұйымдастырушысына тән тілдесу қатынасының тәсілін жүзеге асыра білу қабілетін көрсете отырып, дайындалған және дайындалмаған монологтық және диалогтық тілдесу, соның ішінде көпшілік алдында сөйлеу жағдайында коммуникацияның кез-келген мақсаттарына қол жеткізу;
  5. жекелеген пікірлерді, сондай-ақ стилистикалық айқындалған пайдаланылуы ескерілетін түпнұсқалы мәтіндер мен олардың үзінділерінің бір бөлігі болып табылатын пікірлерді рәсімдеу және түсіну кезінде қажетті тіл бірліктері мен құрылымдық қатынастарды пайдаланудағы дағдыларды білдіретін тіл жүйесінің білімін көрсету.

Логикалық минимумның көлемі 20 000 бірлік, соның ішінде сөздіктің белсенді бөлігі - 8 000 бірлік.

Осы Сертификаттың болуы магистр-филологтың - ресейлік ЖОО түлегінің дипломын алу үшін қажет, ол диплом орыс тілі саласындағы оқытушылық және ғылыми-зерттеу қызметінің барлық түрлерін жүргізуге құқық береді..

Іздеу Кең көлемді іздеу


Маңыздысы
Сілтемелер
ЖАҢАСЫ
FAQ
Интерактивная карта образовательных организаций (учреждений), проводящих государственное тестирование по русскому языку как иностранному

Федеральный портал "Российское образование"

ЕДИНОЕ ОКНО
доступа к образовательным ресурсам
Библиотека учебных ресурсов


© 2007-2013 Ресей Федерациясының білім және ғылым министрлігі
При использовании материалов сайта ссылка на «Шет ел азаматтарына арналған Ресей білімі» и уведомление администратора обязательны