gerb ministry
Russian
Русский
English
English
French
Français
Spanish
Español
German
Deutsch
Italian
Italiano
Portuguese
Português
український
Україн
Kazakh
Қазақша
Chinese
中文
Arabic
ﺔﻴﺑﺮﻌﻟا
Mongolian
Mонгол
Vietnamese
Tiếng Việt
Moldavian
Moldov
Romanian
Română
Türkçe
Türkçe
Home About Site map Useful links Log in




Portal - Asociación Latinoamericano Rusia - Oferta Universitaria de las Americas y el Mundo, Rusas, estudios en rusia, universidades rusas, idioma ruso
Ruski studenti SCG
Фонд Русский мир

Василий Блаженный Соборы



Фото: http://www.ruschudo.ru/

   

Василий Блаженный Соборы тек Қызыл алаңның негізгі ғибадатханасы ғана емес, сонымен қатар бүкіл Ресейдің белгісі болып табылады. Ол 1555-1561 жылдары Казан хандығын алуға байланысты Иван Грозныйдың бұйрығымен салынған. Казан штурмы 1552 жылдың 1 қазан күні басталған, яғни Покров Божией Матери мейрамы күні. Сондықтан ғибадатхананың ресми атауы - Покрова Божией Матери ғибадатханасы. Собор орталық шіркеуін айнала қоршаған симметриялы 8 шіркеу ансамблінен және шатырмен аяқталған. Әрбір 8 шіркеудің Иван Грозныйдың казандық шабуыл кезіндегі елеулі оқиғаларға байланысты атаулары бар. Орталық шіркеуі Покрова Божией Матери мейрамына байланысты жалпы аты қойылған. Шіркеулер сәнді күмбездермен жабылған. Жалпы соборда XVI-XIX ғасырлардағы 400 иконнан тұратын 9 иконостастан тұрады. Собор қабырғалары фрескалармен әшекейленген. Сонымен бірге онда көптеген суреттер мен пейзаждардың әдемілігін көре аласыздар. Асыл экспонанттардың бірі - ол XVII ғасырдағы Алексей Михайловичке тиесілі потир. Собормен көптеген аңыздар да байланысты. Алғашында бұл жерде Василий Блаженный жерленген ақ тасты ғибадатхана болған. Ол Қызыл алаңда болашақ собор салуға қаражат жинаған. Өзі өлер алдында ол қаражатын Иван Грозныйға собор салуға берген. Собор құрылысында белгісіз Барма және Яковлев Постник жазбалары болған. Бірақ, шынында бір Иван Яковлевич Барма деген шебер адам өмір сүрген, ол өзін Постник деп атап кеткен. Аңыз бойынша Иван Грозный салынған собордың әдемілігін көріп, салған шеберлердің көзін соқыр етуге бұйрық берген, себебі шеберлер өздерінің біртумаларын басқа жерде қайталап салмас үшін. Бірақ бұл тек миф ғана, себебі кейіннен де көптеген керемет архитектуралық ескерткіштерде де Постник шежірелері де кездескен. Авторы: Полина Орлова, "Известия"

Ақпарат көзі: http://www.ruschudo.ru/

Василий Блаженный соборы туралы видеосюжетті мына жерден көре аласыз

Іздеу Кең көлемді іздеу


Маңыздысы
Сілтемелер
ЖАҢАСЫ
FAQ
Интерактивная карта образовательных организаций (учреждений), проводящих государственное тестирование по русскому языку как иностранному

Федеральный портал "Российское образование"

ЕДИНОЕ ОКНО
доступа к образовательным ресурсам
Библиотека учебных ресурсов


© 2007-2013 Ресей Федерациясының білім және ғылым министрлігі
При использовании материалов сайта ссылка на «Шет ел азаматтарына арналған Ресей білімі» и уведомление администратора обязательны