|
|
Петергоф
|



Фото: http://win-petergof.narod.ru/, http://www.peterhoff.spb.su/
|
|
Петергоф (нидерл. Peterhof, " Петр сарайы") - Фин теңіз қолтығының оңтүстік жағалауында Санкт-Петербургтен 29км қашықтықта орналасқан сарайлы-саябақтық ансамбль. Ол Петергоф қаласының аумағында орналасқан. Петергоф немесе "Солтүстік Версаль" 1714 жылы құрылыстық жұмыс басталған уақытта негізі қаланған деп есептеледі.
Оған шынында 300 жыл болған. 1705 жылы 13 қыркүйекте ПетрI Петергофты теңіз жағалауында серуендейтін орын ретінде таңдаған. "Мункер" кемесі якорьды тастап тоқтаған сон Петр жан-жағына қарай ойланып осы жерде әрқашан демалғысы келді. Оның арманы өзінің салтанатты резиденциясы Европадағы ең салтанатты резиденция еткісі келді. Тіпті әдемілігінен Версальдан да асып түседі.
Ұлы императордың бұл арманы орындалды. "Солтүстік Версаль" өзінің керемет сәулетті, мүсіндік, су және ландшафттық түріне келгенше құрылысы жүріп немесе қайта өңделе берді. Бірақ Петергоф өзінің фонтандарысыз Петергоф атына лайық болмас еді. Олардың 15 тамыздағы туған күндері бүгінгі таңда Петергофтың туған күні болып есептеледі. Ол фонтандарды суреттеу өте қиын, оны тек бір рет көрген артық. Бұл мыңдаған су шашқыштары саябақтың 21 гектарын алып жатыр. Осы барлық жүйе, яғни 3 каскад және 150 фонтан бүгінгі таңға дейін ешқандай сорғышсыз жұмыс істеп тұрғанын кез келген адам сене алмайды. Петергофтың ғажайыптылығы міне осында.
Авторы: Ирина Тумакова (Санкт-Петербург) / "Известия" Ақпарат көзі: http://www.ruschudo.ru/
Петергоф жайлы видеосюжетті мына жерден көре аласыз |
|
|