



Фото: http://vchelyabinsk.ru/
|
|
Челябинск - оңтүстік Уралдың үлкен өндірістік, мәдени және ғылыми орталық. Бұл қала Урал тауларының шығысында, Миасс өзенінің жағалауында, оңтүстігі мен солтүстігі орман тоғаймен қоршаулы орналасқан.
Челябинск басқа аймақтар сияқты Yekaterinburg Time Zone (YEKT/YEKTST) деп аталатын сағаттық белдеуде орналасқан. Ығысу уақыты UTC +5:00 (YEKT, қысқы маусым) және +6:00 (YEKTST, жаздық маусым)құрайды. Мәскеу уақытымен салыстырғанда сағаттық белдеу тұрақты +2сағатқа ығысып отырады және Ресейде MSK+2 болып белгіленеді.
Челябинск 1736 жылдың 13 (2) қыркүйегінде әскери қамал болды, 1781 жылы қала статусын алды, 1934 жылдан бері Челябинск облысының орталығы. Қазіргі таңда Ресейдің өндірістік орталықтарының бірі. Қала өнімдері барлық облыстарға танымал.
Қала Мәскеу-Самара-Иркутск-Владивосток теміржол магистралінде орналасқан транспорттыз торап болып табылады. Автомашина жолдары Қазақстан, орталық Урал және Башкир жолдарын біріктіреді.
1994 жылдан бастап халықаралық әуежай статусын алған әуежай авиациялық тасымал үшін пайдаланылуда.
Челябинскіде ішкі халықаралық транспорт автобус, трамвай, траллейбус дамыған. 2012 жылға Челябинск қаласы метрополитен құрылысын жоспарлап қойған, жалпы метрополитен құрылысы 1992жылдан бері жүріп келеді.
Ақпарат көзі: http://ru.wikipedia.org |