Екатеринбург (1924-1991жж - Свердловск) - Свердловск облысының және Орал федеральды аймағының әкімшілік орталығы болып табылады.
Екатеринбург Азияның орта Оралдың шығыс беткейінде Исеть (Тобол тармағында) өзенінің жағалауында орналасқан. Қаланың солтүстік-шығыс бөлігінде Шарташ көлі бар.
Екатеринбург Yekaterinburg Time Zone (YEKT/YEKTST) деп аталатын сағаттық белдеуде орналасқан. Ығысу уақыты: +5:00 (YEKT, қысқы маусым) және +6:00 (YEKTST, жаздық маусым)құрайды. Мәскеу уақытымен салыстырғанда сағаттық белдеу тұрақты +2сағатқа ығысып отырады және Ресейде MSK+2 болып белгіленеді (Екатеринбург уақыты).
Екатеринбург елдің ірі теміржол линиясы және екі әуежайы, екі автовокзалдармен және метролық желілі транспорттық торап болып тұрады.
Қала Мәскеу, Санкт-Петербург және Новосибирсктен Новосибирсктен кейін ғылыми орталығы жағынан төртінші орында тұр. Қалада Ресей ғылым академиясының бірнеше институттары мен президиумдары орналасқан.
Екатеринбург ғылыми технологияларды пайдалану негізіндегі жоғарғы сапалы құрал-жабдықтар қаласы. Бұл қалада дүниежүзінде қайталанбас техниканың жаға үлгілері құрастырылады. Екатеринбург қаласында жасалынатын заттар дүниежүзінің 97елдерінде сатылады. Жыл сайын Екатеринбургте халықаралық деңгейдегі 170-тен астам көрмелер өтіледі.
Оралдың халықаралық абыройы ондаған шет ел мемлекеттерінің консульстваларының ашылауымен ерекшеленеді, олардың алғашқылары АҚШ пен Ұлыбритания болып табылды. Қалада 200-ге жуық шетелдік компаниялардың филиалдары жұмыс істейді. Жыл сайын Екатеринбургке мыңдаған шетелдік азаматтар келіп тұрады.