Калуга - Ресейдің орталығында орналасқан қала. Калуга облысының әкімшілік орталығы.
Бұл кала Мәскеуден 190 км онтүстік-батыс жақ қашықтықта және Оки өзенінің жағалауында орналасқан.
Калуга ірі транспорттық тораптардың бірі болып табылады. Мәскеуден қалаға жету уакыты: автомобиль арқылы келу - 2 сағат шамасында жылдам поезды арқылы - 2,5 сағат автобуспен - 2,5 сағат
Калугалық аэродромның транспорттық және жолаушылар ұшақтары мен тікұшақтарының кез келген түрлерін қабылдау мүмкіндігі бар. өзен транспортының жұмысын жолаушылар кемежайы Ока өзенінде қамтамасыз етеді.
Алдымен Калуга космонавтика бесігі деп атап келген орыс космонавтикасының негізін қалаушы Константин Циолковскийдің 1892-1935 жылдар аралығында осы қалада өмір сүріп қызмет жасағандығымен мақтанады.
2007 жылы "Калугалық бизнес-инкубатор" құрылды, оның басты мақсаты біріншіден азаматтардың кәсіпорын белсенділігін ынталандыру үшін әртүрлі сферадағы шағын кәсіпорын құрып, инновациялық бағыт беріп, сонымен қатар студенттерді "Кәсіпкерлік" бағдарламасы бойынша дайындау.
Жылына жоғарғы білім бойынша 4000 мамандар, орта білім бойынша 3000 мамандар оқып шығарылады.