


Фото: http://www.kazan.ru/ |
|
Қазан - Татарстан республикасының астанасы, Ресей Федерациясының құрамына кіреді. Ресейдің экономикалық, саяси, ғылыми және мәдени орталықтарының бірі.
Қала зерттеу нәтижелері мен археологиялық зерттеулер бойынша 1000 жыл бұрын салынған.
Қазан Ресейдегі ірі ғылыми және білім беру, сонымен бірге өндірістік орталығы болып табылады. Ресей және дүниежүзілік тарихы және мәдениетінде өз орны бар қала болып табылады.
Қазан мемлекеттік университеті Ресейде Ломоносов атындағы Мәскеулік университеттен кейін екінші болып ашылған. Қалада жалпы 29 жоғарғы оқу орындары, Татарстан Республикалық ғылым академиясы және Ресей Федерациясы ғылым академиясының Казандық орталығы, ғылыми-зерттеу институттар бөлімшелері жұмыс істейді.
Қазан ірі теміржол, авто және авиациялық торабы, Волгадағы ірі су порттарының бірі болып табылады. 2005 жылы Қазандық метрополитен ашылып, оның алғашқы жолаушылары Ресей Федерациясының Президенті В.В.Путин, Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев, Татарстан Президенті М.Шаймиев болды.
Қазан қаласы XIX-XX ғғ. қаланған мәдени мұралар мен тарихи құндылықтарды сақтау орталықтарымен, үлкен үйлерімен және сауда орталықтарымен ерекшеленеді. Бұл кезіндегі Апанаев, Сейдашев, Унженный, Усманов, Апаков, Вериный, Вараксина, Музуров, Соломина және тағы да басқа саудагерлер әулеттерінің иелігінде болған.
Ақпарат көзі: http://ru.wikipedia.org/ |