


 Фото: http://omsk.infomsk.ru/; http://www.omsk.ru/
|
|
Омск Омск облысының әкімшілік орталығы. Оңтүстігі Қазақстанмен, солтүстігі Тюмень облысымен шекаралас. Омск Транссібір темір жол магистралі мен Иртыш өзенінінң қиылысқан жерінде орналасқан. Осындай тиімді экономикалық-географиялық орналасуы қаланың жан-жақты дамуына өз әсерін тигізді.
Омск Ресей Федерациясындағы 13 миллионер қалаларының ішінде 7 орында және Сібір федеральды аймағындағы халық саны бойынша 6 орында тұр.
Омск қаласының климаты континентальды. Шілде айындағы орташа температура +17С, ал қаңтар айындағы орташа температура -20С. Омсктің бір жақ шетінде Петропавловск-Камчатский, Челябинск, Уфа, Рязань, Витебск, Канзас, Калининград, Копенгаген, Гамбург, Манчестер қалаларымен шекаралас.
Омск ірі мынадай транспорттық торапты қала болып табылады: темір жол және тас жолдар, транссібірлік магистраль, өзен порттары және әуежай.
Омскте Ресейдегі ірі (Европада 3-орында) мұнай өңдіру комбинаты ("Газпром" ААҚ қарасты) орналасқан. Қала машина шығару, металлургия, жеңіл, полиграфиялық, химиялық мұнай өндірістері бар орталық болып табылады.
Омскте 60-қа жуық жоғарғы оқу орындары жұмыс істейді. Оларда экономикалық, құқықтық, педагогика, психология, қоғамдық байланыс, стоматология, дизайн және т.б. мамандықтар бойынша студенттер білім алуда.
Омскте М.А. Врубель (әйгілі орыс суретшісі) туылған, А.Н. Туполев (кеңестік авиаконструкторының 100-ден аса түрлі ұшақтарды ойлап тапқан, олардың 70 түрі жиі шығып отырған) және С.П. Королёв (әйгілі кеңес одағының ғалымы, ракеталық космостық жүйесі конструкторы, оның басшылығымен баллистикалық және геофизикалық ракеталар, ракета тасу және адамзат тарихында бірінші рет адамның космосқа ұшуына мүмкіндік туғызған пилоттық "Восток" және "Восход" космостық кораблдерінің негізін қалаған) жұмыс істеген.
Источник: http://www.infomsk.ru/ |