 М.Горький атындағы Самара академиялық драма театры
 Ленинградтағы фантан
 Самара мемлекеттік техникалық университеті
 Филармония
Фото: http://aleks.pgati-vt.da.ru/ |
|
Самара Ресейдің Волга өзенінің сәулетті жағалауының сол жағындағы Самарамен Сок өзендерінің сағаларының арасында орналасқан. Самара облысының әкімшілік орталығы.
Кеңес одағы кезінде 1935 жылы 27 қаңтарынан 1991 жылдың 25 қаңтарына дейін кеңес одағының мемлекет және партия қайраткері Валериана Куйбышеваның құрметіне қала Куйбышев деп аталып келген.
Самара - орта және батыс Европадан Сібірге, орта Азия және Қазақстанға өтетін Ресейдегі ірі транспорттық торап болып табылады.
Самар аумағында әртүрлі көптеген әуе ұшақтарын қабылдайтын Курумоч халықаралық әуежайы жұмыс істейді.
Теміржол тасымалы Куйбышев теміржолы (Ресей теміржол ААҚ) және "Тверской экспресс" компаниясы арқылы жүзеге асады.
"Самара су порты" Ресейдің орта Волгадағы ірі транспорттық торап. Дамыған теміржол жүйесімен автомагистральдар мен шектелген бұл порттың географиясы Орел, Сібір, Орта Азия, Ресейдің Солтүстік Европалық бөліктерімен экономикалық байланыс жасауға қолайлы. Сонымен қатар порт арқылы Волга-Камский және Волга-Дон бассейндері, Балтика, Ақ, Азовск, Қара Каспий теңіздеріне шығады.
Білім және ғылым минисрлігінің Самара облысына қарасты ақпараты бойынша облыста 66 жоғарғы оқу орынады жұмыс істейді.
Самара бай мәдени мұраларымен ерекшеленеді. Әйгілі жазушы А.Толстой өзінің балалық жастық шағын өткізген. Самарада М.Горький "Самара газетінде" жұмыс жасай жүріп шығарамашылық еңбегін бастаған. Соғыс кезінде Самарада әйгілі чех жазушысы Ярослав Гашекте жұмыс істеген. Қалада И. Репин, В. Суриков, И. Айвазовский сияқты атақты суретшілерде өмір сүрген. Соғыс кезінде Самарада алғаш рет Д. Шостаковичтің "Седьмая симфониясы" орындалды. Кеңес одағы кезінде елден кетуге мәжбүр болған А. Солженицын, В. Аксенов, В. Войнович сияқты орыс жазушылары да Самарада болған.
Ресейде әйгілі профессор қан тамырлар хирургия саласының дүниежүзілік мандарының бірі, Самара облыстық хирургия қоғамдастығының төрағасы Ратнер Георгий Львович Самара мақтанышы. Георгий Львович Париж, Лион, Марсель, Стокгольм, Амстердам, Чикаго, Сан-Франсиско емханаларында жұмыс істеп, алған тәжірибесін елге жұмсады. Сонымен қатар Ресейлік травматология және ортопедиялық ғылыми педагогикалық мектеп негізін қалаушысы, Самар мемлкеттік медициналық университет ректоры А.Ф. Краснов. Космос дамуына үлес қосқан "Прогресс" ЦСКБ бас директоры, конструкторы Д.И.Козлов. Оның қатысуымен Самаралық "Прогресс" зауытында Ю. Гагарин ұшқан ракета құрастырылып шығарылған.
Ақпарат көзі: http://city.samara.ru/ |