 Волга арқылы өтетін көпір
 Жағалау
 Н.Г. Чернышевский атындағы опера және балет театры
Фото: http://www.saratov.ru/ |
|
Саратов (түрік. тіліне аударғанда "сары-тау") - Саратов облысының орталығы, Мәскеудің оңтүстік-шығыс бөлігінен 858 км қашықтықта орналасқан.
Саратов қаласы Соколова, Лысый, Лапатина, Алтынна, Увекс тауларынан құралған жерде орналасқан. Волганың оң жақ жағалауынан ұзындығы 50 км созылып жатыр.
Саратов климаты бірқалыпты континентальды. Ол Төменгі Волгалық климатымен ерекшеленеді. Қыс мерзімі аязды, қарлы. Жаз мерзімі құрғақ және ыстық.
Қала ірі транспорттық торап (Теміржол және автомобиль жол қозғалыстары), су порты және халықаралық әуежайдан тұрады.
Саратов Ресейдегі әйгілі жоғары білім беру, ғылыми зерттеу және жобалық іс -шаралар орталығы болып табылады. Сондықтанда Саратов қаласын кейде студенттер қаласы деп те атайды. Елдің үздік оқу орындары қатарына Н.Г. Чернышевский атындағы Саратов мемлекеттік университеті, техникалық және медициналық университеттер, заң академиясы, әлеуметтік-экономикалық университеті кіреді.
Саратовта Волга жағалауында алғаш рет Юрий Гагарин космос әлеміне көтерілді.
Саратовта Ресей бойынша алғаш рет жалпыға ортақ көркем галерея ашылды. Бұл қалада атақты Ресейлік суретшілер, ғалымдар, әртістер туылып білім алды.
Ақпарат көзі: http://www.saratau.ru/ |