




Фото: http://www.ufacity.info/ |
|
Уфа - Ресей қаласы, Башкортстанның астанасы.
2007 жылы есептеулер бойынша қаланың өзінде 1023000 адам тұрады. Ресейдің халық саны миллионнан асатын он екі қалалардың бірі.
Қала Уфа мен Дема өзендерінің құйылу шетінде, Башкир (оңтүстік) Уралдың 100 км қашықтықта орналасқан.
Климаты ылғалды, жазы жылы, қысы суық және ұзақ.
Уфа басқа аймақтар сияқты Yekaterinburg Time Zone (YEKT/YEKTST) деп аталатын сағаттық белдеуде орналасқан. Ығысу уақыты UTC +5:00 (YEKT, қысқы маусым) және +6:00 (YEKTST, жаздық маусым) құрайды. Мәскеу уақытымен салыстырғанда сағаттық белдеу тұрақты +2 сағатқа ығысып отырады және Ресейде MSK+2 болып белгіленеді (Екатеринбург уақыты).
Уфа - Ресейдің үлкен регионалдық торабы (узел) (жолбойылық, автомашиналық, кеңістіктегі және өзен жолдары).
Ақ өзен мен Уфа тармақтары осы жерде Транссібір магистралімен қиылысқан.
Автомашиналық жолдары Москва, Челябинск, Казань, Самара, Орынбор қалаларын біріктіреді.
1938 жылдан бері Уфа қаласында тұрақты түрде авиалиния жұмыс істейді. Халықаралық әуежайда Ресейдің 27 қаласымен рейс жүргізіледі және Анталья, Барселона, Даламан, Стамбул, Ташкент, Франкфурт-на-Майне, Худжант қалаларына да халықаралық рейстер бар.
Уфа арқылы өтетін теміржол магистралі Ресейдің Орал мен Сібірдегі батыс және орталық аймақтарымен байланысты ұйымдастырады.
1909 жылы жоғарғы білікті маман дайындауда Уфа оқытушылық институт ашылды. 1920 жылы халыққа білім беру институты деп аталды, сонан кейін оқытушылық институт, 1957 жылы Башкир мемлекттік университеті болды.
Қазіргі таңда Уфада Башкир Республикасында 11 мемелекттік жоғарғы оқу орындары 169 бағыт пен мамандықтар бойынша дайындауда. Студенттердің саны 50 мың адамды құрайды. Орта білім беру орталықтары 76-ға жуық, 109 бағы бойынша дайындайды. Ғылыми педагогикалық кадрларды дайындауды жоғарғы оқу орындардың 11 аспирантурасы жүзеге асырады.
Ақпарат көзі: http://ru.wikipedia.org/ |