Волгоград Ресейдің европалық бөлігінің оңтүстік-шығысында орналасқан Волгоград облысының басқару орталығы және батыр қала.
2007 жылғы мәліметтер бойынша қала шекарасындағы елді мекендердегі халық саны 986,4 адамды құрайды.
Волгоград Волга өзенінің оң жақ жағалауының төменгі жағында орналасқан. Бұл қала Волга өзенінен 90км созылып жатыр (судың аздығы теңіз деңгейінен 10м төмен орналасқан).
Өзінің тарихында қаланың аты үш рет өзгерген: 1589-1925 жылдары - Царицын, 1925-1961 жылдары - Сталинград, ал 1961 жылдан бастап Волгоград деп аталып келеді.
Волгоград студенттік қала және Ресейдің оңтүстігіндегі ең ірі ғылыми және білім беру орталықтарының бірі болып есептеледі.
Волгоград қаласындағы білім беру саясаты комитетінің басты мақсаты білімнің түпнұсқасын сақтай отырып білім сапасын жақсартуды ұйымдастыру және жеке тұлғалардың, мемлекеттің, қоғамның болашағына қажеттіліктеріне сай білім беру болып табылады.
Білім беру саласындағы әртүрлі халықаралық бағдарламалары мен жобаларды енгізуге білім беру орындары белсенді атсалысуда.