|
|
Орыс халқының ас мәзірі

|
|
Басқа мемлекетке келгенде сол елдің тағамдарын татып көруге тура келеді. Бұл бетте сіздерге орыс асханалық дәстүрлері мен тағамдары жайлы қысқаша мәлімет береміз.
Сонымен бастайық.
Ресейде дәстүр бойынша негізгі үш тамақтану уақыты бар, яғни таңертеңгілік ас, түскі және кешкі тамақтану.
Таңертеңгілік ас - бірінші тамақтану. Таңертеңгілік ас уақыты өзіңіздің қай уақытта оянуыңызға байланысты. Таңертеңгілік ас тойымды болады, егер оның құрамына ботқа немесе омлет, құймақ құймақ, шай немес кофе және бутерброд кіретін болса. Немесе таңертеңгілік ас жеңіл болуы мүмкін, яғни тек шай немес кофе ғана ішетін болса. Әдетте Ресейде таңертеңгілік асты үйде жұмысқа немесе сабаққа кетер алдында ішеді. Жеңіл таңертеңгілік асты жақсы көретіндер екінші рет таңертеңгілік ас ішуді талап етеді.
Ресейде ең тойып тамақтанатын кез ол түсті тамақтану. Әдетте түскі тамақтану уақыты 12 мен 15 уақыт аралығында болады. Оның құрамына үш-бес түрлі тамақ кіреді: біріншіге сорпа, екіншіге ет немесе балықтан жасалған тамақтар гарнирмен, салат, десерт және шырын. Ресейде сорпа тамақ ұлттық дәстүрлік тамақ болып есептеледі.
|
Сорпаның жылдың әр мезгіліне байланысты ыстық, салқын, етті немесе балықтан жасалған, саңырауқұлақты, сүттен жасалған, тіпті тәтті түрлері бар. Салқын сорпалар мәселен окрошка, свекольник, щавелді сорпа, жылдың ыстық мезгілінде өте пайдалы және олар аштықты жойып бойды сергітеді. Орыстың ыстық сорпаларының ішінде ең әйгілілері щи және борщ, бірақ негізінен борщ украиндықтардың ұлттық тағамы.
Тойымды салаттар - "оливье", "селедка под шубой" секілді бөлек тағам ретінде, ал жеңіл салаттарды, этикетке сай болмаса да, орыстар негізінен екінші тағаммен береді. Десертке тәтті бір нәрсе жеуге болады. Бұл балмұздақ, бәліш, құймақ, ірімшік печеные алма немесе шоколад та бола алады.
Сусындарды да өз талғамына қарай таңдауға болады (шай, кофе, компот, кисель, ал жазда квас пен морс.
Түстен кейінгі астықабылдасақ кешкі асқа дейін әбден шыдауға болады. Түстен кейінгі ас дегеніміз түскі мен кешкі астың арасындағы жеңіл ас. Ол ағылшындардың "five o'clock" - на ұқсас. Түскі және түстен кейінгі асты өзіңіз жұмыс істейтін немесе оқитын жерде қабылдайсыз. |
|
 |
Әдетте орыстар кешкі тамақты үйде ішеді. Жанұя мүшелері үйде жиналып күні бойғы оқиғаларды әңгімелеп, туғандарымен бірге ішеді. Бірақ мұндай дәстүрді Ресейден де басқа кез келген мемлекеттерде де кездестіре аласыз.
Сіз оқығандай, орыстар күніне үш рет тамақтанады. Дегенмен, шын мәнісінде, астардың аралығында тәтті бір нәрсе жеуге (мәселен конфеттер, шоколад, печенье) құмар жан кемде кем.
|
|
Орыстар әрдайым тамақ ішуге уақыттарын көп жұмсайды екен деп ойламаңыздар. Барлық ресейліктер "қалыпты" тамақтана алмайды, олар күніне бір-екі рет ғана тамақтанады, олар үшін ол қалыптасқан өмір.
Орыс асханасының кейбір тамақтары арнайы мейрам, дәстүрлермен және ырымдармен байланысты. Мәселен, Масленица күнінде үй иесі сізді құймақпен сыйлайды. Пасха мейрамында орыстар кулич пісіреді және тауық жұмыртқасын бояйды. Жаңа жыл мейрамында "оливье" салатын дайында дәстүрге айналған. Орыстардың құрметті қонақтарын нан мен тұз беріп қарсы алу дәстүрін бүкіл дүние жүзі біледі. Ежелгі орыст халқында нан мен тұз қонақ күтудегі ең қымбаты болған.
Нан әрдайым орыс асханасында өте маңызды ас болып табылады. Сондықтан да "Нан бүкіл өмір азығы" мақалы бекер шықпаған.
|
Ресейде болғанда сізге міндетті түрде орыстардың пісірген нан өнімдерін жеу керек (расстеган, кулебяки, ватрушки, капустника және т.с.с), сонымен қатар кесек нан, куличтер, баранки, кептірілген нан, тоқаш, крендель, қалаш, пряник, пышка, кітірлек нан тәрізді де нан өнімдерінің дәмін көре аласыз.
Орыс өмірінің тағы бір ерекшелігін айта кету керек. Орыстар орманға барғанды және тек қана серуенге ғана емес саңырауқұлақ пен жидек тергенді өте ұнатады. Бұл орманның сыйы - орыс асханасының ажырамас бөлігі. Жидектерден жасалған тосап (варенье) сізді қыстың суық кештерінде орманның иісімен қуантады және бүлдіргеннен жасалған тосап тұмаудан қорғайды.
Саңырауқұлақ теруді орыстар "тыныш аңшылық" деп атайды. Арыш, маслята, түлкішек, ақ саңырауқұлақ, терекқұлақ, қайың саңырауқұлақ, томарқұлақ, грузди, құрғақ саңырауқұлақтар сияқты ең әйгілі олжалардың бәрін орманнан әкеледі. Орман саңырауқұлақтарын қуыруға, асуға, кептіруге, мұздатуға, тұздауға болады.
|
|
|
Бірақ орманға - саңырауқұлақпен жидекті жақсы білетін және орманда адаспайтын тәжірибелі серікпен ғана барғандарыңыз жөн екенін ескертеміз!
Орыстар үйінде көп ас дайындайды. Егер сіз орыс үйіне күтпеген кезде келсеңіз де сізге тамақтанатын нәрсе әрдайым табылады. Ал егер отырыс алдын -ала ұйымдастырылса, онда үстел үсті жайнайды. Басқалардың арасында сіз негізінен "оливье", "селедка под шубой", салаттарын, фарш қосылған тауық, жұмыртқасын, қызыл уылдырықты (қазір Ресейде қара уылдырық сатуға тыйым салынған), тұздалған және маринадталған (маринованный) көкөністер мен саңырауқұлақтарды кездестіре аласыз. Мереке күндерінде және жай күндерде де орыс үстелінде қыш құмырада жасалған тағамдарды көруге болады. Бұл өте дәмді! Қыш құмырадағы астың дәмі мен хош иісі сөзбен жеткіліксіз және ауыщда еріп кетеді. Реті келсе міндетті түрде пісірілген картоп (жаркое) пен көжені жеп көріңіз. Егер сәті түсіп, сіз орыс ауылына барсаңыз орыс пешіне пісірілген астың дәмін татыңыз. Дәмі керемет!

|
|
Сонымен қатар, орыстар қысқа дайындалған көкөніспен жемістің жидектен, саңырауқұлақтан консерві жасайды. Көкөністі тұдауға, маринадтауға болады. Тәжірибелі орыс әйелдері көкөніс салатын да консервілейді. Жеміс - жидектен компот пен варенье әзірлейді. Кейбір жеміс-жидекті кептіруге де болады. Көптеген орыстар қала тұрғындары да көкөніс пен жеміс-жидекті саяжайларында өздері өсіреді.
Ежелгі кезден орыс асханасында бал (мед) қолданды. Арамен айналысу Русьте өте дамыған. Бал - ең тәтті өнім және де бал тұрмыста салқын тигенде дәрі ретінде пайдаланады. Бал негізінен, медовухо және балдар (меды) жеңіл алкагольді сусындар дайындалатын.
|
Егерде орыс халық ертегілерін оқысаңыз "бал жедім - сыра іштім" деген сөзді кездестіресіз, онда бал шарабы туралы айтылған. Бірақ, қазіргі кезде дәстүрлі орыс алкогольдік сусындарының ішінен арақты бірінші айтар еді.
Дәмдеуіштер жайлы айтар болсақ, орыс үстелінде қыша (хрен) мен горчица көп пайдаланады. Дәстүрлі орыс ет тамағына жататын холодецке негізінен жасалған соус береді. Дәстүрлі орыс ет тамағына жататын холодецке негізінен жасалған соус береді. Егер қышаның өзінің дәмін көргіңіз келсе, онда байқаңыз: дәмі жас шығарарлықтай ащы. Қышаның да дәмі өте ащы.
Қышадан әзірленген соустан басқа құймақ, майонез, томат соустары да орыстардың сүйіктісіне айналды. Көптеген шет елдіктер орыстардың қаймақ (сметана) пен майонездің сұйық тамаққа (суп) араластырғанын жат көреді. Бірақ бұл тағамдардың дәмін көрген адамның оның дәмді екендігіне көзі жетеді. Ал қаймақты құймаққа, сүзбеден жасалған тағамдарға, қайнатылған картопқа, жаңа піскен жидектерден жасалған салаттарға щиге, борщқа және де басқа көптеген тамақтарға қосқан жөн.
Егер де сіз біздің порталдың "Ресей жайлы" бөлімімен таңыссаңыз, онда сіз біздің елде көптеген ұлт өкілдері тату тәтті өмір сүріп жатқандығы туралы білесіз. Әр елдің ұлттық тағамдары - палау, долма, лаваш, форшмак, тұшпара, брынза, манты, чечил, кәуап және басқалары орыс үстелінде өз орнын тапты.
|
|

|
Әр елдің ұлттық тағамдары - палау, долма, лаваш, форшмак, тұшпара, брынза, манты, чечил, кәуап және басқалары орыс үстелінде өз орнын тапты. Сонымен бірге, сіздер кафе мен мейрамханалардан Ресейдің ұлттық тағамы мен бүкіл әлемнің тағамдарын кездестіре аласыздар. Демократиялық кафелерде 200-300 рубльге тамақтануға болады.Қымбат мейрамханаларда тамақтанудың бағасы сіздің қиялыңыздағы (фантазией) бағамен ғана шектеледі. Вегетариандық болсаңыз мұнда барлық кафе мен мейрамханаларда етсіз тағам әзірлейді.
Асыңыз дәмді болсын!
Фото: Яндекс.Фотки
|
|