gerb ministry
Russian
Русский
English
English
French
Français
Spanish
Español
German
Deutsch
Italian
Italiano
Portuguese
Português
український
Україн
Kazakh
Қазақша
Chinese
中文
Arabic
ﺔﻴﺑﺮﻌﻟا
Mongolian
Mонгол
Vietnamese
Tiếng Việt
Moldavian
Moldov
Romanian
Română
Türkçe
Türkçe
Home About Site map Useful links Log in




Portal - Asociación Latinoamericano Rusia - Oferta Universitaria de las Americas y el Mundo, Rusas, estudios en rusia, universidades rusas, idioma ruso
Ruski studenti SCG
Фонд Русский мир

Орыс халқының ас мәзірі

Хлеб-соль

Басқа мемлекетке келгенде сол елдің тағамдарын татып көруге тура келеді. Бұл бетте сіздерге орыс асханалық дәстүрлері мен тағамдары жайлы қысқаша мәлімет береміз.

Сонымен бастайық.

Ресейде дәстүр бойынша негізгі үш тамақтану уақыты бар, яғни таңертеңгілік ас, түскі және кешкі тамақтану.

Таңертеңгілік ас - бірінші тамақтану. Таңертеңгілік ас уақыты өзіңіздің қай уақытта оянуыңызға байланысты. Таңертеңгілік ас тойымды болады, егер оның құрамына ботқа немесе омлет, құймақ шай немес кофе және бутерброд кіретін болса. Немесе таңертеңгілік ас жеңіл болуы мүмкін, яғни тек шай немес кофе ғана ішетін болса. Әдетте Ресейде таңертеңгілік асты үйде жұмысқа немесе сабаққа кетер алдында ішеді. Жеңіл таңертеңгілік асты жақсы көретіндер екінші рет таңертеңгілік ас ішуді талап етеді.

Ресейде ең тойып тамақтанатын кез ол түсті тамақтану. Әдетте түскі тамақтану уақыты 12 мен 15 уақыт аралығында болады. Оның құрамына үш-бес түрлі тамақ кіреді: біріншіге сорпа, екіншіге ет немесе балықтан жасалған тамақтар гарнирмен, салат, десерт және шырын. Ресейде сорпа тамақ ұлттық дәстүрлік тамақ болып есептеледі.

Сорпаның жылдың әр мезгіліне байланысты ыстық, салқын, етті немесе балықтан жасалған, саңырауқұлақты, сүттен жасалған, тіпті тәтті түрлері бар. Салқын сорпалар мәселен окрошка, свекольник, щавелді сорпа жылдың ыстық мезгілінде өте пайдалы және олар аштықты жойып бойды сергітеді. Орыстың ыстық сорпаларының ішінде ең әйгілілері щи және борщ, бірақ негізінен борщ украиндықтардың ұлттық тағамы.

Тойымды салаттар - "оливье", "селедка под шубой" секілді бөлек тағам ретінде, ал жеңіл салаттарды, этикетке сай болмаса да, орыстар негізінен екінші тағаммен береді. Десертке тәтті бір нәрсе жеуге болады. Бұл балмұздақ, бәліш, құймақ, ірімшік, печеные алма немесе шоколад та бола алады.

Сусындарды да өз талғамына қарай таңдауға болады (шай, кофе, компот, кисель, ал жазда квас пен морс).

Түстен кейінгі асты қабылдасақ кешкі асқа дейін әбден шыдауға болады. Түстен кейінгі ас дегеніміз түскі мен кешкі астың арасындағы жеңіл ас. Ол ағылшындардың "five o'clock" -на ұқсас. Түскі және түстен кейінгі асты өзіңіз жұмыс істейтін немесе оқитын жерде қабылдайсыз.

Щи да каша-пища наша...

Әдетте орыстар кешкі тамақты үйде ішеді. Жанұя мүшелері үйде жиналып күні бойғы оқиғаларды әңгімелеп, туғандарымен бірге ішеді. Бірақ мұндай дәстүрді Ресейден де басқа кез келген мемлекеттерде де кездестіре аласыз. Сіз оқығандай, орыстар күніне үш рет тамақтанады. Дегенмен, шын мәнісінде, астардың аралығында тәтті бір нәрсе жеуге (мәселен конфеттер, шоколад, печенье) құмар жан кемде кем.

Блины

Орыстар әрдайым тамақ ішуге уақыттарын көп жұмсайды екен деп ойламаңыздар. Барлық ресейліктер "қалыпты" тамақтана алмайды, олар күніне бір-екі рет ғана тамақтанады, олар үшін ол қалыптасқан өмір. Орыс асханасының кейбір тамақтары арнайы мейрам, дәстүрлермен және ырымдармен байланысты. Мәселен, Масленица күнінде үй иесі сізді құймақпен сыйлайды. Пасха мейрамында орыстар кулич пісіреді және тауық жұмыртқасын бояйды. Жаңа жыл мейрамында "оливье" салатын дайында дәстүрге айналған. Орыстардың құрметті қонақтарын нан мен тұз беріп қарсы алу дәстүрін бүкіл дүние жүзі біледі. Ежелгі орыст халқында нан мен тұз қонақ күтудегі ең қымбаты болған. Нан әрдайым орыс асханасында өте маңызды ас болып табылады. Сондықтан да "Нан бүкіл өмір азығы" мақалы бекер шықпаған.

Ресейде болғанда сізге міндетті түрде орыстардың пісірген нан өнімдерін жеу керек (расстеган, кулебяки, ватрушки, капустника және т.с.с), сонымен қатар кесек нан, куличтер, баранки, кептірілген нан, тоқаш, крендель, қалаш, пряник, пышка, кітірлек нан тәрізді де нан өнімдерінің дәмін көре аласыз.

Орыс өмірінің тағы бір ерекшелігін айта кету керек. Орыстар орманға барғанды және тек қана серуенге ғана емес саңырауқұлақ пен жидек тергенді өте ұнатады. Бұл орманның сыйы - орыс асханасының ажырамас бөлігі. Жидектерден жасалған тосап (варенье) сізді қыстың суық кештерінде орманның иісімен қуантады және бүлдіргеннен жасалған тосап тұмаудан қорғайды.

Саңырауқұлақ теруді орыстар "тыныш аңшылық" деп атайды. Арыш, маслята, түлкішек, ақ саңырауқұлақ, терекқұлақ, қайың саңырауқұлақ, томарқұлақ, грузди, құрғақ саңырауқұлақтар сияқты ең әйгілі олжалардың бәрін орманнан әкеледі. Орман саңырауқұлақтарын қуыруға, асуға, кептіруге, мұздатуға, тұздауға болады.

Пасхальные куличи и яйца
Бірақ орманға - саңырауқұлақпен жидекті жақсы білетін және орманда адаспайтын тәжірибелі серікпен ғана барғандарыңыз жөн екенін ескертеміз!

Орыстар үйінде көп ас дайындайды. Егер сіз орыс үйіне күтпеген кезде келсеңіз де сізге тамақтанатын нәрсе әрдайым табылады. Ал егер отырыс алдын -ала ұйымдастырылса, онда үстел үсті жайнайды. Басқалардың арасында сіз негізінен "оливье", "селедка под шубой", салаттарын, фарш қосылған тауық жұмыртқасын, қызыл уылдырықты (қазір Ресейде қара уылдырық сатуға тыйым салынған), тұздалған және маринадталған (маринованный) көкөністер мен саңырауқұлақтарды кездестіре аласыз. Мереке күндерінде және жай күндерде де орыс үстелінде қыш құмырада жасалған тағамдарды көруге болады. Бұл өте дәмді! Қыш құмырадағы астың дәмі мен хош иісі сөзбен жеткіліксіз және ауыщда еріп кетеді. Реті келсе міндетті түрде пісірілген картоп (жаркое) пен көжені жеп көріңіз. Егер сәті түсіп, сіз орыс ауылына барсаңыз орыс пешіне пісірілген астың дәмін татыңыз. Дәмі керемет!


Сонымен қатар, орыстар қысқа дайындалған көкөніспен жемістің жидектен, саңырауқұлақтан консерві жасайды. Көкөністі тұдауға, маринадтауға болады. Тәжірибелі орыс әйелдері көкөніс салатын да консервілейді. Жеміс - жидектен компот пен варенье әзірлейді. Кейбір жеміс-жидекті кептіруге де болады. Көптеген орыстар қала тұрғындары да көкөніс пен жеміс-жидекті саяжайларында өздері өсіреді.

Ежелгі кезден орыс асханасында бал (мед) қолданды. Арамен айналысу Русьте өте дамыған. Бал - ең тәтті өнім және де бал тұрмыста салқын тигенде дәрі ретінде пайдаланады. Бал негізінен, медовухо және балдар (меды) жеңіл алкагольді сусындар дайындалатын.

Егерде орыс халық ертегілерін оқысаңыз "бал жедім - сыра іштім" деген сөзді кездестіресіз, онда бал шарабы туралы айтылған. Бірақ, қазіргі кезде дәстүрлі орыс алкогольдік сусындарының ішінен арақты бірінші айтар еді. Дәмдеуіштер жайлы айтар болсақ, орыс үстелінде қыша (хрен) мен горчица көп пайдаланады. Дәстүрлі орыс ет тамағына жататын холодецке негізінен жасалған соус береді. Егер қышаның өзінің дәмін көргіңіз келсе, онда байқаңыз: дәмі жас шығарарлықтай ащы. Қышаның да дәмі өте ащы. Қышадан әзірленген соустан басқа құймақ, майонез, томат соустары да орыстардың сүйіктісіне айналды. Көптеген шет елдіктер орыстардың қаймақ (сметана) пен майонездің сұйық тамаққа (суп) араластырғанын жат көреді. Бірақ бұл тағамдардың дәмін көрген адамның оның дәмді екендігіне көзі жетеді. Ал қаймақты құймаққа, сүзбеден жасалған тағамдарға, қайнатылған картопқа, жаңа піскен жидектерден жасалған салаттарға щиге, борщқа және де басқа көптеген тамақтарға қосқан жөн. BR>

Егер де сіз біздің порталдың "Ресей жайлы" бөлімімен таңыссаңыз, онда сіз біздің елде көптеген ұлт өкілдері тату тәтті өмір сүріп жатқандығы туралы білесіз. Әр елдің ұлттық тағамдары - палау, долма, лаваш, форшмак, тұшпара, брынза, манты, чечил, кәуап және басқалары орыс үстелінде өз орнын тапты. Ресейде талғамыңа қарай, қалтаңа қарай кафе, мейрамханалар көп. Көптеген мұндай орындарда орыс тағамдары ұсынылады. Сонымен бірге, сіздер кафе мен мейрамханалардан Ресейдің ұлттық тағамы мен бүкіл әлемнің тағамдарын кездестіре аласыздар. Демократиялық кафелерде 200-300 рубльге тамақтануға болады. Қымбат мейрамханаларда тамақтанудың бағасы сіздің қиялыңыздағы (фантазией) бағамен ғана шектеледі. Вегетариандық болсаңыз мұнда барлық кафе мен мейрамханаларда етсіз тағам әзірлейді.

Бублики румяные



Асыңыз дәмді болсын!

Фото: Яндекс.Фотки



Көжелер

Көже - бұл әртүрлі дән-дақылдарынан жасалған орыс тағамы. Көже сұйық немесе қою, тәтті немесе тәтті емес, шашпа немесе жабысқақ болуы мүкін. Көжені суға, сүтке, ет сорпасына әзірлеуге болады. Ең танымал және сүйікті көже күріш, бидай, гречка, сұлы, жарма.

   
Фото: Яндекс.Фотки

Қазіргі кезде көже бұл балалардың әдеттегідей тағамы мен барлық жанұя мүшелеріне тойымды азанғы ас. Алайда картоп пайда болмай ьұрып, көже орыс үстелінде негізгі ас болып табылады. "Ши мен көже біздің тағам" деген мақал осыдан шыққан. Ертеректе құмыра мен орыс пешінде ғана әзірлеген. Әрине, көжені құмырамен пешке пісіруге болады. Бірақ, аспаздар кастрюль мен плитаны пайдаланады. Көжені орыс фальклорында, ертегілерінде, мақал-мәтелдерде айтып кеткен. Орыс халық ертегісінде ақылды солдат арам кемпірді "балтадан көже" рісіремін деп алдайды. Сөйтіп үй иесінен бір кесе күріш, шамалы тұз бен май сұрап алады. Қаздар, аққулар ертегісінде кейіпкер қыз тышқанға көже береді. Алғысына тышқан қызға жалмауыз кемпірден қашуға және бауырын құтқаруға көмек береді. Егер біреу туралы оның аузында көже бар десе, ол түсініксіз сөйлейді деген сөз. Егер "басында көже бар" десе, бұл ойдың анық еместігін білдіреді. Егер аяқ киіміңіз көже сұрап тұрса, онда оны тігетін уақыт келді. Егер сіз біреумен "көже қайнатпақ" болсаңыз, онда сіз өте маңызды іс қолға алғалы тұрсыз. Сол "көжені жеу" керек болса, онда сіздің ісіңіз алға баспағаны. "Көжені кім аз жесе" сол сізге көмек бере алмайды. Сондықтан, кіммен көже пісіре аламасаң, сонымен серіктес болмаңыз.

Құймақ- дөңгелек шелпек сұйық қамырдан жасалған. Қамырды жұқалап, қызған табаға құйып пісіреді. Блинчик пісіретін рецепт түрі көп: ашытқымен және ашытқысыз, жұқа және қалың, үлкен және кішкене болып табылады. Блинчиктің ішіне ірімшік, еттен фарш, саңырауқұлақ, балық, уылдырық салуға болады.

Припек ол сковородкіге жүқалап құйылады, үстіне блинчиктің тестісі құйылады. Сонан соң блинчик қалыпты жағдайдағыдай пісіріледі. Припек ретінде ет және саңырауқұлақ фаршы, ірімшік (творок), жидек (ягоды), миіз (изюм), көжені өз қалауыңызша, асқазан қалауына қарай қосып пайдалануыңызға болады.

Құймақ қоспасымен (с начинкой) - қоспа конвертке ұқсас құймаққа оралады. Көбінесе қоспа ретінде ірімшік, дайын ет фаршы, саңырауқұлақ, балық, тосап, джем, икраны алады. Тағы да қоспа өз қалауыңызша талғамыңызға қарай қолдануыңызға болады.

Үлпүлдек құймақ припекпен 1 см қалыңдықта болады. өте жұқа блинчик тығыз қағаз қалыңдығындай болады.

Құймақтың көлемі табаның көлеміне байланысты болады.

Құймақ дайындау ептілікті қажет етеді: табаға тестіні құйғанда құймақ пісіп кетпей тұрған табаны тезірек жайып үлгіру керек. Егер өз бетіңізбен құймақ дайындағыңыз келсе, ебі бар адамнан көріп алғаныңыз дұрыс. Егер сіздің пісірген құймақ сәтсіз шықса, оған ренжімеңіз, тәжірибелі аспаздардың өздері жақсы шығуына кепілдік бере алмайды.

Айтқандай "бірінші құймақ жентекке" деген сөздің өзі тек құймаққа қатысты емес, сонымен қатар сәтсіз аяқталған тәжірибеге байланысты айтылған. Егер мұндай сөз айтылса, оған ренжімеңіз. Бұл қайта жақсы, өйткені сіз өз қатеңізді біліп, келесісін жақсылап пісіресіз.

Кішкене үлпілдек құймақты оладья (құймақ) деп атайды. Жай құймаққа қарағанда оладьиді пісіруі оңайырақ. Себебі, оны екінші жағына аудару оңай.

Құймақ пен оладьиді өздігіңізбен пісіргіңіз келсе біз рецептімізбен бөлісеміз.


Қатықпен жасалған оладьи

Оладьи
   

Сізге керегі 1 литр қатық, ұн, қант, тұз 3-4 тауық жұмыртқасы. Ыдысқа қатықты құйып көбіктендіріп, тұз, қан дәміне қарай 2 стакан ұн қосады. Ұнды себелеп қосқан дұрыс, жақсылап араластырып, түйіршік болмау үшін миксермен араластырған дұрыс. Тестісі қою қатыққа ұқсас болу керек. Егер ұн жетпесе қосуға болады. Егер ұны қаттырақ болып қалса, оны қатық пен сумен жұмсартуға болады. Тестіні шамалы уақыт бастырып қоямыз. Өсімдік айында пісірген дұрыс, (майды азырақ пайдаланған дұрыс, керегінше қосып отырасың). Бір табаға 3-4 оладьи құйылады. Бір жақ беті піскен соң екінші жақ бетін аудару керек. Дайын оладьиді ыдысқа салып аласыз.




Құймақ

Құймақ әзірлеуге қажетті заттар: 1 литр сүт, 2-3 стакан ұн, тұз, қант, пиш сода пышақ ұшында, 5 жұмырқа. Оладьи сияқты қамыр илейсің. Бірақ қамырың қоймалжың болып қалса, онда сүт немесе су құямыз. Ең қиыны - дайындауы. Құймақ әзірлеуде оның сәтті пісуіне ең негізгі қызмет атқарушы таба болып табылады. Табаның қалың, ауыр, шойын болғаны дұрыс. Табаны қатты қыздырып, аздап май жағамыз. Егер қайта-қайта май жағып отырғыңыз келмесе тестіға 2-3 ас қасық өсімдік майын құйып жіберіңіз.

    Блины

Сонымен таба қызып, май жағылып тұр. Тестіні үлкен қасықпен құйып, тез-тез табаға жан-жаққа жайып, аударып алмай жаямыз. Асты қызғылттанса, ал үсті сұйық болмаса, блинчикті тез арада екінші бетіне аудару керек. Дайын құймақты тарелкаға салып аламыз. Әр құймақтың үстіне сары май немесе қант ұнтағын себуге болады. Құймақ пен оладьиге қаймақ пен тосап беруге болады.

Құймақтың басқа да рецепттерін әртүрлі кулинарный сайттардан тауып алуға болады.

Ас дәмді болсын!



Фото: Яндекс.Фотки



Сорпалар.

Окрошка - мұздатылған жазғы сорпа. Оны көкөністен (асылған картоп, қияр, шалқан (редиса), жуа), еттен немесе шұжықтан жасайды. Барлығын майдалап турап, араласатырып, сорпа құяды. Дәстүрлі окрошка квастан жасалады. Бірақ сорпа ретінде қатықта болады, майлы емес тауық сорпасы және жай ғана кортоп қайнатпасын (мұндай жағдайда кішкене лимон согын құюға) болады.

Окрошка

Қызылшадан -жасалған мұздатылған сорпаны Свекольник деп атайды. Свекольникті дайындау тәсілі өте көп. Олармен танысу үшін әртүрлі сайттардан көруге болады. Свекольникті қаймақпен араластырады.

Свекольник

Щи - қырыққабаттан дайындалатын сорпа. Кейде щиді щавельмен шпинаттан да жасауға болады. Сорпаны қандай капустадан дайындаса, щидің талғамы өзгереді. Сонда да щиді қандай қырыққабат түрінен жасасаңыз, соған байланысты оның дәмі өзгереді. Щиді квашенаның капустасынан дайындаса, дәмі ащы болады, көбінесе оны күзде, қыста дайындайды. Щиді свежый капустадан дайындаса нәзік әрі жұмсақ дәмді болады. br> Щиді қаймақпен қосып береді.< /p>

Щи

Щавельден жасалған щи - бұл орыстардың жазғы көжесі. Ыстық күйінде де салқын күйінде де дәмді. Бұл көженің басты ингредиенты щавель, ұзынша жапырақтарымен травяныстое өсімдігі. Щавельдің дәмі ащылау болады. Бірақ неғұрлым жапырағы жастау болса, соғұрлым ол тәтті әрі жұмсақ болады. Бұл көже өте тез дайындалады. Егер көжені өте қарапайым түрде дайындасақ кем дегенде 20 минут уақытты алады.

Щавельді щи әзірлеу үшін қажетті заттар:
  • щавель (300 - 400 грамм)
  • 3 - 4 картоп
  • 1 сәбіз
  • 1 жуа
  • 3 - 4 жұмыртқа
  • тұз, бұрыш,талғамына қарай зелень
  • 1 - 2 ас қасықпен май
Зелёные щи
Көжені майлы емес етпен суға немесе сорпаға қайнатуға болады. Бұл жерде біз щавельді өте қарапайым түрде суға қалай қайнату керек екенін айтамыз. Егер сізге етпен ұнайтын болса, онда етті сорпаға қайнатып аласыз.

Суды (1,5 - 2 литр) көжеге бірден қайнату керек. Су қайнағанша көкөністермен айналысамыз.

Ең қиыны щавельдің жапырақтарын сындырып алмай аршу керек. Сосын жапырақтарды әдемілеп жуып, 1-2 см ұзынша етіп тураймыз. Егер щавель дайын болса, онда ол ащы болмас үшін қайнаған суға жиырма минуттай салып булап аламыз.

Барлық көкөністерді жуып және тазалаймыз. Жуаны майдалап турап, түсі сарғайғанша қайнату керек. Сәбізді ірі үккіштен өткізіп, жуаға қосып кішкене су құйып дайын болғанша бұқтырамыз. Сонан соң кастрюльге сумен құямыз. Көжені сәбісіз, жуасыз дайындауға болады.

Картопты да төртбұрыштап турап суы бар кастрюльга саламыз. Суы қайнаған кезде тұз салуды ұмытпаңыз.

Картоп қайнатылып болған соң щавельді сала беруге болады.

Көжеге тауық жұмыртқасын әртүрлі әдісте салуға болады:
1) Жұмыртқаны қайнатып, майдалап турап щавельмен бірге салуға болады кастрюльге;
2) Еске салу! Бұл әдіс бірнеше сноровканы қажет етеді!
Жұмыртқаны омлетке дайындағандай жарып, оны қайнап тұрған көжеге қоюланып қалмас үшін араластырып тұрып құю керек. (мұны кастрюльге щвельді салғаннан бұрын жасаған дұрыс);
3) жұмыртқаны ортасынан кесіп, жартысын үстелге беретін тарелкаға салған дұрыс.

Көже қайнаптылып болып қалды. Тек көжеге приправа мен специялар салар алдында тұзы жеткілікті ма тексеру керек. Көжені пештен алмай тұрып тарелкеге салатын зеленьді жуып, кесіп салуды ұмытпаңыздар.

Көженің дайын болғанын кортоптың піскеніне қарай білеміз.

Щавель щиін майонезбен немес қаймақпен берген дұрыс.


Астарыңыз дәмді болсын!


Фото: Яндекс.Фотки



Етті тағамдар

Голубцы - қырыққабаттың жапырағына фарш оралған тағам. Дәстүрлі фарш- ет пен күріштен тұрады. Бірақ сіздің ой-қиялыңызды ешкім шектей алмайды. Осын голубцыды аздаған суда дайын болғанша бұқтырамыз. Бұл тамақ капустаның жапырағы менфарш жұмсарғанша қажетінше ұзақ дайындалады. Голубцыға әдетінше қаймақ қосып беріледі.

    Голубцы
Голубцы

Холодец (немесе студень, немесе заливное) - желеге ұқсас еттен немесе балықтан дайындалады. Көже қоюланғанша ет немесе балық ұзақ қайнатылады. Сосын етті немесе балықты бөлшектеп кесіп оған сорпаны сұйып, мұздатады. Холодецке горчицаның немесе хреннің соусы қосып беріледі.

    Студень
Студень

Бұл тағамдардың рецептісін әртүрлі сайттардан тауып ала аласыздар.


Фото: Яндекс.Фотки



Салаттар

"Оливье" - Советтік союздан келе жатқан дәстүрлі орыстың мерекелік салаты. Бірден айта кеткен дұрыс, Люсьен Оливьенің құрметіне аталған салаттан орыстың салатының өте өзгешелігі бар. Бірақ "оливье" салатынсыз мерекелік үстелдері дайындалмайды, салат орыстардың сүйіктісіне айналды.

    Оливье
Оливье

"Сельдь под шубой" - бұл тағы бір орыстардың мерекелік салатының бірі. Сіз бұл салатты дайындағанда қандай ыдыс пайдалануыңызға байланысты әдемілігін көрсетеді. Аты айтып тұрғандай сізге бұл салатты дайындау үшін сельд және "шуба" ретінде кайнатылып, үккіштен өткізілген жидектерди пайдаланады, содан сон оларды қабат ретінде майонезбен сіңдіріп, жапсырады.

    Салат
Сельдь под шубой

Ұсақ туралған тауық жұмыртқасы ең оңай, тез дайындалатын және өте дәмді дәмтатымның бірі болып табылады. Ол үшін жұмыртқаны қайнатып, оның сары уызын бөлек алып, (сосын оны фаршқа қосып жіберуге де болады), ішіне фарш салады. Бастысы фаршты неден жасайтынын ойлап табу керек. Бұл сырды теркадан өткізіп, майонез және сарымсағымен, қызыл уылдырық, саңырауқұлақ, балық, зелень бәрін бірге өзіңіздің ойыңызша жасаға болады.

    фаршированные яйца
Фаршированные яйца

Бұл тағамдардың рецептісін әртүрлі сайттардан тауып ала аласыздар.


Фото: Яндекс.Фотки



Десерттер (басытқы)

Ірімшікнемесе ұн қосылған ірімшік - бұл ірімшіктен жасалған котлет, әдетте ұн мен жұмыртқа қосылған, духовкаға екі жағын да қуырады. Егер ірімшіктің дайындалу тәсіліне қант, жаңғақ, жеміс-жидек қосса, онда ол тәтті тағам болып шығады. Сонымен қатар көкөністер, зелень және сарымсақ қосса, онда ол ірімшік жақсы закуска болар еді. Ірімшікке қосап пен қаймақ қосып беріледі.

    Творожники
Творожники

Пісірілген алма - өте тәтті тағам. Сізге оны дайындауға алма, қант, пеш немесе қысқа толқынды пеш қажет. Оған 20 минут уақыт керек.



Бұл тағамдардың және десерттің рецептісін әртүрлі сайттардан тауып ала аласыздар.

    Яблоки печёные
Яблоки печёные

Фото:Яндекс.Фотки



Сусындар

Морс - бұл жеміс-жидектен және қант, балға араластырылған салқындатылған сусын.

Кисель - ұн немесе крахмал қосылған жеміс-жидектің шырыны. Кисель желе сияқты қою немесе сұйық болса тәттірек болады.

Компот - қантты суда қайнатылған жидектен жасалынған сусын. Компот ыстық, салқындатылған кещзде де тәтті.

Медовуха
Медовуха
    Брусничный кисель
Брусничный кисель
    Квас домашний
Квас домашний
    Брусничный морс
Брусничный морс
Фото: Яндекс.Фотки

Квас - солодтан (күйдірілген), күйдірілген ұннан, қанттан, қышқылдан жасалған сусын. Квас алкагольді, алкагольсіз де болады. Квас басқа да тағамға қосып ішуге болатын сусын, мысалыға, окрошкаға.

Бал және медовуха - аз алкогольді балды ашыту арқылы жасалынатын сусын.


Сусындар дайындаудың рецептісін әртүрлі сайттардан тауып ала аласыздар.



Десерттер (басытқы)

Жеміс-жидектерден көбінесе қайнатпа мен компот дайындайды.

Қайнатпа - қанты бар сиропта жасалады. Қайнатпаның дәмі конфитюрге ұқсайды. Қайнатпаны құймаққа, ірімшіктерге қосып беруге болады, шайды да қайнатпамен ішуге болады, қайнатпаға су қосып тәтті сусын дайындауға, пирог, пирожки, торттардың ішіне салып пісіруге болады.

Кейбір жемістерден жасалған қайнатпаның емдік қасиеттері бар. Мысалы, малина қайнатпасы суық тигенге бірден бір ем болып саналады.

Земляника          Черника          Малина          Варенье
Жемістерді қайнатпай да дайындауға болады. Бұған жемістерді қантпен араластыру керек. Жемістің шырынында қант ерігенше бірнеше сағат күте тұру керек, сосын банкаға құйып тоңазытқышқа салып қою керек. Әсіресе ормандағы жидектерді осылай дайындаса өте тәтті болады- олар орман мен жаздың иісін сақтап қалады. Осындай тәсілмен дайындаған жидектерді тек тоңазытқышта сақтау керек. Бұл тағамның сақтау мерзімі ұзақ болмау керек. Компоттың не екені барлығымызға белгілі. Бірақ 3 литрлік банкідегі қолдан дайындалған компотты барлығын көрмеген шығарсыңдар. Компотты дайындау процесі өте қиын, ол көп күш пен уақыт керек етеді, бірақ сіз өзіңіз даярлаған банкіні ашып, тамаша сусынның дәмінен татып көргенде бұның бәрі ұмытылады. Не болмаса жеміс пен жидектерді кептіріп немесе қатырып қоюға болады.

Көкөніс

Заготовки

Көкөністерді консервілеу - тәтті тағамдарды жақсы көретіндер үшін бір ғанибет. Көкөністерді тұздап, маринадтап, салаттар жасап, мұзға қатырып қоюға болады. Бұл консервалардың егерде сіздің үйге қонақ келген жағдайда көп көмегі бар. Ал мерекелік дастархан үстінде мұндай тағамдар қонақты қуантады және үйдің иесін де мақтауға жақсы себеп болып саналады.

Біз сізбен шала тұздалған қиярдың қалай дайындау тәсілімен біліскіміз келеді, сіз сосын өздеріңізбен туысқан - жолдастарды қуанта аласыз. Бұл дайындау тәсілі көп білім мен тапқырлықты керек етпейді. Әдетте мұндай аз тұздалған қиярды ерте жазда пісіп келе жатқан қиярлардан дайындайды. Мұндай қиярлар ұзақ сақталдмайды.

Сонымен, сізге кішкентайлау, қиярлау, хош иісті шөптер мен жапырақтар керек болады. (мысалы: укроп, қара смародиналар жарырағы, хрен жапырағы), қара хош иісті түйір бұрыш, чесноктің 3-4 бөлігі, ірі тұз және кастрюльге немесе банка керек. Қияр мен кастрюлькені әдемілеп жатқызып, сосын қиярларды қойып, ыстық тұздықты құю керек (қайнаған 1 литр суға 1 қасық тұзды ерітіп құю керек). Суыған соң кастрюльге салып оны тоңазытқышқа салу керек. 24 сағаттан кейін қияр дайын болады.

     

Ал егер сіз оған "мундирдегі картоп" кайнатып қоссаңыз, онда нақ орыс кешкі тамағы ретінде пайдалана аласыз ("мундирдегі картоп" дайындау үшін картопты жаксылап жуып, қабығымен бірге асасыз, дастарханға қояр алдында ірі етіп турап, оған тұз бен май араластырасыз).

Саңырауқұлақ

Грибы
    

Саңырауқұлақтар "тыныш аңшылық" олжасы, бұрыннан орыстардың сүйкімді тағамдары. Саңырауқұлақты дайындау тәсілдері өте көп. Бірде -бір отырыс тұздалған немесе маринадталған саңырауқұлақсыз өтпейді. Саңырауқұлақты кептіруге болады- кептірілген саңырауқұлақтан пирогтың арасына қосатын қоспасы ретінде өте керемет немесе тәтті көже жасауға болады. Ал мұздатылған саңырауқұлақтан да дәл жаңа саңырауқұлақтан жасалатын тағамдар әзірлеуге болады.

     Грибочки



Фото: Яндекс.Фотки

Пироги
Пироги

Кулебяка
Кулебяка

Каравай
Каравай

Пасхальные куличи и яйца
Куличи

Каравай - большой круглый хлеб. Праздничный каравай обязательно украшают узорами из теста. И сейчас каравай - традиционное блюдо на свадьбах.

Кулич - традиционный праздничный пасхальный хлеб в форме цилиндра. В тесто добавляют изюм, орехи, а готовые куличи сверху украшают глазурью или сахарной пудрой.

Сушки, баранки, бублики - традиционные русские хлебобулочные изделия в форме кольца из плотного теста. Они отличаются друг от друга размером и мягкостью.
Сушки самые маленькие, диаметром 4 - 5 см, и очень сухие.
Баранки больше, чем сушки, 7 - 9 см в диаметре, в меру жесткие, в меру мягкие, это связано со способом приготовления.
Бублик - самое большое колечко из теста среди своих собратьев.
В тесто для бубликов, баранок и сушек иногда добавляют семена мака, кунжута, тмина, ваниль. Иногда их делают обсыпными - когда их обваливают в этих семенах. Сейчас, к сожалению, редко где можно увидеть связки из баранок, бубликов или сушек, когда их нанизывают как бусы на бечеву, разве что на народных гуляниях, например, на Масленицу.

Приглашение на чай
Баранки

Пышки
Пышки

Хворост
Хворост

Ватрушки с творогом
Ватрушки
Пышки - это круглые или в форме кольца мягкие булочки, иногда испеченные, иногда пожаренные в масле.

Хворост - это печенье, из тонких полосок теста, которые варят в масле. После обжарки полоски становятся сухими и корявыми. Хворост получил свое название по аналогии с сухими ветками и сучьями, которые в русском языке тоже называются хворостом.

Колобок - небольшой круглый хлебец. Колобок стал героем одноименной русской народной сказки. По сюжету сказки старик и старуха выпекают хлеб, а Колобок неожиданно оживает, убегает от своих "создателей" и начинает свое путешествие. По дороге он встречает зайца, волка, медведя, которые очень хотят съесть вкусный Колобок. Но Колобок от них тоже убегает. Последней, кого встречает Колобок на своем пути, была хитрая лиса. Нахваливая Колобка и притворившись глуховатой, она смогла уговорить Колобка сесть ей на нос, чтобы тот спел свою песенку. И, естественно, хитрая лиса смогла съесть Колобка.

Іздеу Кең көлемді іздеу


Маңыздысы
Сілтемелер
ЖАҢАСЫ
FAQ
Интерактивная карта образовательных организаций (учреждений), проводящих государственное тестирование по русскому языку как иностранному

Федеральный портал "Российское образование"

ЕДИНОЕ ОКНО
доступа к образовательным ресурсам
Библиотека учебных ресурсов


© 2007-2013 Ресей Федерациясының білім және ғылым министрлігі
При использовании материалов сайта ссылка на «Шет ел азаматтарына арналған Ресей білімі» и уведомление администратора обязательны