|
|
Үкімет және саясат
Федерациялық құрылым
Ресей Федерациясының Конституциясына сәйкес, Ресей Федерациясы - Ресей республикалық басқару формасына ие демократиялық федеративтік құқықтық мемлекет болып табылады.
Ресей Федерациясының заң арқылы сипатталатын және мемлекеттің ресми белгісі болып табылатын мемлекеттік рәміздері бар. Ресей Федерациясының федерациялық құрылымы оның мемлекеттік біртұтас басқару жүйесіне негізделген. Ресей Федерациясы өлкесінде оның мемлекеттік тілі - орыс тілі болып табылады. Ресей Федерациясы өзінің барлық халқына ана тілін сақтауға және оны үйренуге құқығына кепілдік береді.
Өлкелік құрылым
Ресей Федерациясы республикалардан, аймақтардан, облыстардан, қалалардан, автономды облыстардан, автономды округтардан тұрады.
Ресей Федерациясының құрамындағы республикалардың өзіндік конституциясы мен заңнамалары бар. Республика статусы Ресей Федерациясының және сол республиканың конституциясы арқылы беріледі. Республикалар өздерінің мемлекеттік тілдерін енгізуге құқылы.
Республикалардағы мемлекеттік басқару орындарында, жергілікті басқару орындарында, мемлекеттік мекемелерде Ресей Федерациясының мемлекеттік тілін пайдаланады.
Аймақтар, облыстар, қалалар, автономды облыстар, автономды округтар Ресей Федерациясының субъектілері болып табылады.
Бұл субъектілердің статусы Ресей Федерациясының Конституциясы мен аймақтардың, облыстардың, қалалардың, автономды облыстардың, автономды округтердің жарғыларымен анықталады.
Билік
Ресей басшысы болып Ресей Федерациясының Президенті табылады.
Ресейдің Заң шығарушы және өкілді орыны болып Федеральды жиын - Ресей Федерациясының Парламенті табылады. Федеральды жиын екі палатадан тұрады: Федерация Кеңесінен және Мемлекеттік Думадан. Ресей Федерациясының атқарушы билікті Ресей Федерациясының Үкіметі жүргізеді.
Федерациясының Үкіметі оның төрағасынан, төраға орынбасарынан, және федеративті министрден тұрады.
|
|