|
|
Халқы
Халық саны
 |
|
Ресейдің халық саны шамамен 134.000.000 адамды құрайды.
Оның 73,1% (97.954.000) қалалар мен қала тектес аудандарда тұрады, оның ішінде:
Мәскеуде 9.269.000, Мәскеу облысында 6.900.000,
Ленинград облысында 2.350.000 адам тұрады. |
Халықтың орналасуы
Ресей халқының орналасуы екі бөліктен тұратындығымен ерекшеленеді.
Жалпы Ресей Федерациясының аумағының 2/3 құрап жатқан Ресейдің солтүстігінде халықтың 1/15 бөлігі, яғни 10 млн.адам тұрады.
Ал Ресейдің үлкен Европалық бөлігінде (Сібірдің оңтүстік бөлігі және Алыс Шығыста) халық тығыз орналасқан. Бұл аумақ негізгі халық орналасқан сызығы деп аталып кеткен. Ресейдің жалпы аумақтың 1/3-ін құраса да, бұл аумақта халықтың 93%-і тұрады. Мұнда Ресейдің өндіріс пен ауылшаруашылықтарды өңдейтін ірі қалалары орналасқан.
Халықтың ұлттық құрылымы
Ресейдің көпшілік халқы (88%) үндіевропалық тілдес жанұя халқына, ішінде славяндық тобына жатады. Орыстар жалпы Ресей халқының 81%-ін құрайды, сонымен қатар 4%-ін украйндықтар мен беларусстар құрайды.
Үндіевропалық жанұялардың басқа топтарына осетиндіктер мен неміс халқы кіреді, бірақ олардың саны 1985 жылмен салыстырғанда Германияға эмиграция жасау әсерінен азайып кетті.
Келесі саны жағынан алтайдық тілдес жанұялар (шамамен 12млн. адамды құрайды), оның ішінде түрік тілдес топтылар 11,2 млн. Адамды құрайды. Орыстардан кейінгі ең көп ұлттарға татарлар (5,5 млн. адам) кіреді. Олардың 1,8млн. адамы Татарстанның өзінде, 1,1млн. адам көршілес Башкортостанда, ал қалғаны Орал, Поволжья және Сібір аумақтарында тұрады.
Келесі саны жағынан көп түрік тілдес халықтарға чуваштар (1,8 млн. адам) мен башқұрттар (1,3 млн. адам) құрайды. Басқа түрік тілдес халықтар оңтүстік Сібірден (алтайлықтар, шорцтар, хакастар, тувинецтер) бастап Алыс Шығысқа (якуттар) дейін орналасқан.
Одан кейін Солтүстік Кавказ халқы: кумыктар, ноғайлар, карачайлар, балкарлар тұрады.
Қазақстанмен шекаралас жерлерде (Оңтүстік Сібір, Орал, Поволжье) қазақтар қоныстанған.
Тілі
Ресей Федерациясының негізгі мемлекеттік тілі болып орыс тілі табылады. Ресей көпұлтты мемлекет, сондықтан ана тілін сақтап қалу мақсатында құқық бере отырып, осы мемлекетте тұратын барлық ұлттарға орыс тілін оқытуға бар күшін салуда. Соңғы статистикалық мағлұматтарға сүйенсек, көпұлтты Ресейдің 86,6% халқы орыс тілін ана тілі ретінде қабылдаса, 97,7%-і осы тілде еркін сойлейді.
Фото:
http://www.uspenka.opalev.ru; http://www.eva.ru/; http://russian-union.ru/; http://www.bashkortostan450.ru/;
http://www.culturemap.ru/; http://www.ruvr.ru/; http://www.gopun.com/; http://folkler.ru/; http://russia.rin.ru/;
http://mozkab.narod.ru/; http://forum.eastbazar.info/; http://owl.pp.ru/
|
|