gerb ministry
Russian
Русский
English
English
French
Français
Spanish
Español
German
Deutsch
Italian
Italiano
Portuguese
Português
український
Україн
Kazakh
Қазақша
Chinese
中文
Arabic
ﺔﻴﺑﺮﻌﻟا
Mongolian
Mонгол
Vietnamese
Tiếng Việt
Moldavian
Moldov
Romanian
Română
Türkçe
Türkçe
Home About Site map Useful links Log in




Portal - Asociación Latinoamericano Rusia - Oferta Universitaria de las Americas y el Mundo, Rusas, estudios en rusia, universidades rusas, idioma ruso
Ruski studenti SCG
Фонд Русский мир

Президент

Ресей Федерациясының Президенті мемлекет басшысы болып табылады, ол Конституцияның, азаматтардың бостандығы мен құқығының кепілі. Ол Ресей Федерациясының егемендігін, оның тәуелсіздігін, мемлекеттік тұтастылығын сақтау шараларын пайдаланады. Сонымен қатар, мемлекеттік биліктердің келісімді қарым - қатынасын қамсыздандырады. Ресей Президенті Ресей Федерациясының Қарулы Күштерінің бас қолбасшысы болып табылады.

Президенттікке Ресей Федерациясының азаматы 4 жыл мерзім уақытка жасырын дауыс беру арқылы тағайындалады.

2000 жылдың наурыз айынан бастап Ресей Федерациясының Президенті - Владимир Владимирович Путин.

Президент инаугурациясы.

Президент инаугурациясы - бұл мемлекет басшысының салтанатты ант беру  рәсімі. "Инаугурация" сөзі латын тілінен аударғанда "тұсау кесер", "қызметке кірісу"деген мағынаны білдіреді.

 Дүние жүзіндегі әр мемлекеттің Президенттің ант беру рәсімдерінің өзіндік ерекшеліктері бар. Ресейдегі Президенттің ант беру рәсімін СССР Президенті М.С.Горбачев бастаған. Бірінші және СССР тарихында қайталанбас Президент 1990 жылы 14 наурызда III СССР халықтық депутаттар Съезінде сайланған. Сол күні М.С.Горбачев ант берген.

Б.Н.Ельцин 1991 жылы 12 маусымда бүкілхалықтық дауыс беру арқылы Ресейдің бірінші Президенті болып тағайындалған. Ал 10 шілдеде Президент ант беру рәсімін өткізген. Б.Н.Елцин Кремлде Президент резиденциясында СССР мемлекеттік туының қасында тұрып Ресей Федерациясының әнұраны айтылып болғаннан кейін Президенттік ант берген. Сол кезде РСФСР-дің мемлекеттік туы көтерілген. Сол күннен бастап жаңа Ресейдің бастапқы белгісі ретінде сақталған.

Кейіннен Ресей Федерациясының Президентінің "Президент байрағы мен белгісі" туралы жарлығы шықты. Бұл белгілер 1996 жылы 3 шілдеде Б.Н.Ельциннің қызметке отыру рәсімі кезінде бірінші рет пайдаланылды.

2000 жылдың 7 мамыр күні  бүкілхалықтық дауыс беру арқылы 2000 жылдың 26 наурызда өткен мерзіміінен ерте сайлау кезінде сайланған В.В.Путиннің Президенттік ант беру рәсімі өтті. 2004 жылдың14 наурызда В.В.Путин екінші рет президенттік қызметке дауыс беру арқылы тағайындалды. 2004 жылдың 7 мамыр күні Кремльде Президенттік ант беру рәсімі өтті.

Президенттік билік белгілері.

Ресей Федерациясының президенттік билік белгілері: Ресей Федерациясының Президентінің байрағы, Ресей Федерациясы Президентінің белгісі және Ресей Федерациясы Президентінің ант беру рәсіміне арналған Конституцияның арнайы данасы.

Ресей Федерациясы Президентінің байрағы.

Ресей Федерациясы Президентінің байрағы үш түсті белдіктен тұратын квадратты желек (түстері мемлекеттің туын бейнелейді). Ортасында Ресейдің мемлекеттік елтаңбасы қойылған. Желек алтын түсті шашақтармен жиектелген. Байрақ  Президенттің осы қызметке отырған күні мен аты-жөні жазылып қапталған сабқа бекітілген.

Ресей Федерациясының Президентінің байрағы, Ресей Федерациясы Президентінің белгісі және Ресей Федерациясы Президентінің ант беру рәсіміне арналған Конституция келесі сайланған Президентке ант беру рәсімінде беріледі.

Ресей Президентінің белгісі.

 Президент билігінің тағы бір белгісі Ресей Президентінің белгісі болып табылады. Алтыннан жасалған белгі біртекті шектелген кресттен тұрады. Кресттердің шеттерінің арақашықтығы 60мм. Кресттің бет жақ көрінісінде Ресейдің мемлекеттік елтаңбасы салынған. Кресттің арт жағында жан-жағы "Береке, құрмет, мәртебе" деп жазуы бар дөңгелек медальон орналасқан. Медальонның ортасында жасалған жылы жазылған.

Ресей Федерациясы Конституциясының арнайы данасы.

Ресей Федерациясының Конституция тексті Президенттің ант беру рәсімінен кейін Мәскеуде Кремльде сақталады. Ресей Президентінің белгілерін пайдалану мемлекеттік хаттама арқылы анықталады. 1996 жылдың тамыз айындағы N 1138 Ресей Президентінің жарлығы бойынша Ресей Федерациясының арнайы жасалған Конституция тексті Ресей Федерациясы Президентінің арнайы белгісі болып табылады. Жаңадан сайланған Ресей Президенті осы арнайы жасалған Конституциямен ант береді.

Іздеу Кең көлемді іздеу


Маңыздысы
Сілтемелер
ЖАҢАСЫ
FAQ
Интерактивная карта образовательных организаций (учреждений), проводящих государственное тестирование по русскому языку как иностранному

Федеральный портал "Российское образование"

ЕДИНОЕ ОКНО
доступа к образовательным ресурсам
Библиотека учебных ресурсов


© 2007-2013 Ресей Федерациясының білім және ғылым министрлігі
При использовании материалов сайта ссылка на «Шет ел азаматтарына арналған Ресей білімі» и уведомление администратора обязательны