|
|
Мемлекеттік рәміздері
 |
|
Ресейдің мемлекеттік рәміздері болып Ресей Федерациясының туы, елтаңбасы және мемлекеттік әнұраны табылады.
Ресей Федерациясының туы мемлекеттік заңға негізделген ресми мемлекеттік белгі болып табылады. Мемлекеттік ту - Ресейдің егемендік белгісі. Ресей Федерациясының туы үш горизонтальды: жоғарғысы-ақ, ортаңғысы-көк, төменгісі-қызыл түсті алқаптан тұрады. |
| |
|
|
 |
|
Мемлекеттік елтаңба мемлекеттің ресми эмблемасы болып табылады. Екі басты қыран Ресейдің біртұтас ажырамас тарихын кейіптейді. Мемлекеттік елтаңба былайша сипатталады: төртбұрышты дөңгелектенген бұрыштармен шектелген, алтын түсті екі басты қанаттарын жоғарыға жайған қыран мен калқаннан тұрады.
Мемлекеттік әнұран мемлекеттің тұтастығын көрсететін шығармашылык музыкалық белгі болып табылады. |
| |
|
|
 |
|
Әнұран сөзі мемлекеттің тарихын сыйлауға, патриоттық сезімде болуға баулиды. Ресей Федерациясының мемлекеттік әнұраны орындалып жатканда оны тұрып тыңдау қажет. Ал егер әнұран орындалу кезінде мемлекеттік ту көтерілсе, онда адам бетін сол туға қаратып тындау керек. |
Ақпарат көзі: http://www.kremlin.ru/
|
|