|
|
Шетелдік студенттердің жеке бас қауіпсіздігі
Москвада жүру Нью-Йорк немесе Лондонда жүргеннен қауіптілеу емес. Арине бірақ кейбір қауіптер де жоқ емес. Мафия туралы сізді қызықтырмайтыны сөзсіз. Сізге әсіресе террорлық әрекеттерден сақ болғандарыңыз жөн. Себебі ешқандай ел террорлық әрекеттерден сақтандырылмаған. Мәскеу Ресейдің ірі қалаларының бірі болып табылады.
Өз-өздеріңізге сақ болыңыздар: уйге немесе жатақханаға кеш қайтқан жағдайда айналаларыңыздағыларға өздеріңізге көңіл аудармауларына тырысыңыз, қатты айқайлап басқа тілдерде сөйлемеңіз, ақша немесе бағалы заттарыңызды абайлаңыздар. Кешкілік уақытта топпен жүруге тырысыңыз.
Әйел кісілерге түнде 11-ден кейін жалғыз жүрмеуге кеңес береміз, себебі кейбір мас адамдар өз іс-әрекеттеріне жауап бермейтіні белгілі. Жастарда, қазіргі таңдағы ұлтшылдық іс-әрекеттерге байланысты сақ болғандарыңыз жөн.
Ұлты басқа азаматтарды милициялар құжаттарын тексеруге көп тоқтатады. Жарығы нашар көшелермен жүрмеуге тырысыңыздар. Өз қажеттіліңізге жұмсайтын ғана нақты ақша алып жүріңіз, одан артық алмаңыз.
Ең бастысы Ресей Федерациясының заңдары мен қоғамдық орындағы өзін-өзі ұстау ережелерін қатаң сақтаңыз.
Кешкілік концерт, дискотекаларға топ болып барғандарыңыз жөн.
Біз сіздерді тек кейбір қауіпті жайттардан ескертеміз.
|
|