|

|
Ресейдің ұлттық ақшасы рубль (100 тиыннан тұрады). Айналымда 1, 5, 10, 50 тиынды, 1, 2, 5, 10 рубльді монеталар мен бірге 10, 50, 100, 500, 1000, 5000 рубльді банкноттар жүреді. Ақшаны долларға, евроға кез келген банкттерде, көшелерде, қонақ үйлерде, супермаркеттерде, вокзалдарда, аэропорттарда орналасқан айырбастау пункттерінде айырбастауға болады. Ресейдегі Коммерциялық банктер жеке адамдармен күнделікті 9.30-19-21 уақыт аралығында жұмыс жасаса, мемлекеттік жинақтаушы банкі - 8.30-19.30 уақыт аралығында жұмыс жасайды. Бірақ та Жинақтаушы банкінде курс басқаларына қарағанда төменірек. Сенбі күндері банктер 13-14-ке дейін жұмыс істесе, Жинақтаушы Банк 16-17-ге дейін жұмыс істейді. Несие картасы мен жол чектері шектеулі жерлерде қолданылады, бірақ MasterCard, Visa, VisaElectron иелері барлық банкоматтарда пайдалана алады. Чектерді жаңарту үшін комиссиялық 2-3 пайыз ұстап қалады. Ақша аударымын TT, Western Union, Money Gram арқылы жүзеге асыруға болады. |