|
|
Телефондар
 |
|
Қалалық телефон, ұялы телефон, тондық режимдегі теру. Ресейдің барлық қалаларында басқа мемлекеттер сияқты халықаралық сөйлесу пункттері бар. Олар әдетте вокзалдарда, почталарда немесе аэропорттарда орналасқан.
Сіздер сол қызметтерді пайдалана аласыздар. Ең арзан және тиімді сөйлесу кез келген жерлерден сатып ала алатын және кез келген таксофондарда пайдалана алатын таксофон картасы болып табылады.
Сөйлесу пункттері және олардың мекен жайлары туралы толық ақпаратты
Yellow pages ала аласыздар. |
Ресейде ең көп тараған байланыс түрі-ол ұялы телефондар. Оның ішіндегі ең көп тараған форматы GSM 900/1800 болып табылады. Бірақ Ресей мен басқа мемлекеттер арасындар GSM-нің ерекшеліктері бар. Сондықтан Ресейде Мегафон, МТС, Теле2 немесе Билайн сияқты әйгілі операторлардан SIM карта сатып алуларыңызға кеңес береміз.
Мәскеу, Санкт-Петербург және де басқа кейбір қалаларда телефон номері 7 саннан тұрады. Халықаралық және қалааралық сөйлесу таңертеңгі сағат 8-ден кешкі 8-ге дейін күндізгі тарифпен есептеледі. Ал кешкі, түнгі немесе мейрам күндері сөйлесу тарифы 1,5 есеге арзандайды, бірақ тарифтер телефон компанияларына байланысты өзгертіледі. Ең тиімдісі Интернет картамен сөйлесу. Интернет картаны кез келген байланыс салондарынан ала аласыздар және онымен сөйлесу ережелерін кез-келген телефон анықтамаларынан біле аласыздар. Ресейге телефон шалу үшін алдымен 7 санын тересіз, содан кейін қала кодын тересіз (мысалы, Мәскеу қаласының коды - 495, Санкт-Петербург қаласының коды - 812) сонан сон барып абонент номерін тересіз. Ал Ресейден басқа мемлекеттерге телефон шалу үшін алдымен 8 (оператор кодын), 10 санын (халықаралық байланыс коды), содан кейін керек елдің кодын, сосын керекті қаланың кодын, содан кейін барып керекті абонент номерін тересіз. Халықаралық сөйлесуге тапсырыс беру 8-194,номері арқылы жүзеге асса, қалааралық сөйлесуге тапсырыс - 8-190 номері арқылы беріледі.
Дайындау кезінде Санкт-Петербург мемлекеттік университетінің материалдары пайдаланылды
|
|