|
|
Бітірушілердің ұлттық бірлестігімен ынтымақтастығы мәселесі жайында болған халықаралық кеңесу семинарының ұсыныстары
Ресейдің жоғары оқу орнының атынан және бітірушілердің ұлттық бірлестігінен келген кеңесу семинарға қатысушылар семинардың күн тәртібінде төмендегідей мәселелерді қарастырды:
Әр түрлі оқыту формалы ресейлік оқу орындары шет мемлекеттерге де миллиондаған жоғары білікті мамандар дайындады. Ол мамандар ресейде ғылым мен техниканың дамуына өз үлестерін қосуда. Шет елдердегі ресейлік жоғары оқу орындарын бітірген түлектер елдер арасындағы сауда-экономикалық және басқа да ұлттық байланыстарды нығайтуда. Ресейлік жоғары оқу орындарының өкілдері мен ұлттық түлектердің бірлестігі өкілдері бір-бірімен байланысты күшейту туралы ой бөлісті.
Кеңесу семинарына қатысушылар 2003 жылы Ресей президенті В.В.Путиннің қатысуымен болған Бүкіләлемдік ресейлік (кеңестік) жоғары оқу орындарын бітірген шетелдік түлектердің форумының қорытынды құжаттарын қарап, 2007 жылы болатын II Бүкіләлемдік форумын ұйымдастыру туралы ой бөлісті.
Кеңесу семинарының қатысушылары ой бөлісіп, ұлттық байланыстың дамуы туралы төмендегідей ұсыныстарды бекітті:
1. Ресейлік оқу орындары үшін:
- шетелдік түлектермен байланысты қолдауға жауапты жоғары оқу орындарында қызметтестерді белгілеу;
- түлектердің мәліметтерін әр түрлі алынған ақпараттар арқылы жаңарту;
- түлектерді жоғары оқу орындарында болатын түрлі іс шараларға жиі шақыру;
- түлектерді тәжірибе жинақтауға және аспирантураға оқуға жеңілдіктер арқылы қабылдау;
- түлектердің біліктілігін дамытуға арналған курстар өткізу;
- түлектердің біліктілігін дамыту мақсатында шет мемлекеттерде семинарлар ұйымдастыру;
- түлектермен көптеген жоғары оқу орындарының өкілдерімен кездесу өткізу;
- түлектерге құрмет атақтармен марапаттауды жүзеге асыру;
- түлектердің мақалаларын оқу орындарындағы ғылыми және басқа да баспаларда жарыққа шығаруды жүзеге асыру;
- түлектердің тәжірибелік еңбектерін оқу орындарында пайдаланып, оқу бағдарламаларына енгізу;
- келісім арқылы түлектермен бірлесе студенттерді оқуға шақыру;
- жоғары оқу орындарында жасалған ғылыми еңбектерді шетелдік саудада дамыту;
- II Бүкіләлемдік шетелдік түлектердің форумына шақырулармен ұсыныстарды ұйымдастыру үшін жұмысшылар тобын дайындау.
2. МКС "ИНКОРВУЗ-XXI" үшін:
- аймақтық шетел түлектерімен кездесу және тәжірибе жүргізуді жалғастыру;
- ұлттық түлектер бірлестігі жұмысын дамыту барысында жоғары оқу орындарының мүмкіндіктерін жиі пайдалану;
- шетелдік түлектердің жұмысы мәселелерімен айналысатын жоғары оқу орындарындағы мамандарға арналған семинарлар өткізу;
- шетелдік түлектердің ұлттық бірлестігі және оның жұмыстары жөнінде анықтамалық шығарылымды жиі жаңарту жұмыстарын жалғастыру.
3. Білім және Ғылым министрлігі мен Федеральды білім агенттігі үшін:
- шетелдік түлектермен олардың бірлестіктерімен байланысты, оның ішінде барлық іс-шараларды қаржыландыру мақсатында жоғары оқу орындары үшін нұсқау материалдарын дайындау;
- Ресейлік жоғары оқу орындарының шетелдік түлектерінің ұлттық бірлестігімен байланысты қолдау мақсатында мемлекеттік-қоғамдық қор құру жұмысын дамыту;
- түлектердің ұлттық бірлестігі үшін МКС "ИНКОРВУЗ-XXI"-дан бөлінетін Ресей Федерациясының мемлекеттік стипендия квотасын көбейту.
|
|